Адамды танудың 3 тәсілі
Адамды танудың 3 тәсілі
6 жыл бұрын 14036

Бірде Омардың (р.а.) көзінше бір кісі өзінің бір танысын мақтай жөнеледі. Омар (р.а.) кісіден: «Сен онымен (өзі мақтап жатқан кісімен) сауда-саттық жасап па едің?» деп сұрайды. Кісі: «Жоқ», – деп жауап береді. – Әлде сендер көршісіңдер ме? – Жоқ. – Мүмкін бір сапарда бірге болған шығарсыңдар? – деп сұрайды Омар (р.а.). Жауап әлгіндей: «Жоқ». Сонда Омар (р.а.): «Олай болса, сен өзің мүлдем білмейтін адам жайлы айтып жатырсың», – дейді.

Бұл оқиға бізге өзгені білмей жатып (мақтаумен қатар) теріс пікірде болудан сақтану керектігін әрі адамды тану үшін жоғарыдағы үш мысалдың керектігін  үйрететін секілді. 

0 пікір