Құранда пирамида туралы не айтылған?
Құранда пирамида туралы не айтылған?
6 ай бұрын 9897
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

Жаратушы Алла Тағала біздерге қасиетті Құран арқылы бүгінге дейін Өзінің шексіз даналығы мен теңдессіз тілдік, ғибраттық, тарихилық және ғылыми тұрғыдағы илаһи мұғжизаларын паш етіп келеді. Көптеген Батыс ғалымдары жаһандану заманында ашқан ғылыми жаңалықтарының сырлары 14 ғасыр бұрын шөл далада түскен ұлы Құранның мазмұнында жатқанын білгенде таңтай қаққан болатын. Себебі, Құран бізге әр заманда жаңарып отырғандай әсер қалдырады және  адамзатқа беймәлім ғылыми сырлардың негізгі өзегі болып табылады.

Бүгінде әлемнің жеті кереметі саналатын әрі тарихи құнды жәдігер ретінде бағаланатын Мысырдағы Перғауын салдырған пирамида жайында Құран Кәрімде не айтылғандығы туралы мәліметке зер салайық. АҚШ пен Франция ғалымдарының бірігіп зерттеу жүргізуінің нәтижесінде Гизада орналасқан пирамиданың іргетасы цементтен емес кәдімгі балшықтан құйылғаны анықталды. Ғалымдар пирамиданың бір бөлшегін электронды микроскоп арқылы жіті зерттеп қарағанда оның құрамынан қатты ыстыққа балқытылған балшық сазы табылған. Ал, бұл сәйкесінше Алла Тағаланың Құрандағы «Қасас» сүресінің 38-ші аятындағы: «Перғауын: "Әй, басшылар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір бар екенін білмеймін. Әй, Һаман (Һаман - Перғауын уәзірі)! Мен үшін балшыққа от жағып өрте. Бір мұнара жаса. Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны (Мұсаны) өтірікші деп ойлаймын" деді».  Берілген аяттағы: «Мен үшін балшыққа от жағып өрте» деген сөйлемнің ішіндегі «балшық» отпен қайнатылғаны туралы анық айтылып тұр. Сонымен қатар, аяттағы: «Бір мұнара жаса. Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін» деген сөйлемнің мазмұнында салынатын мұнара биік әрі Перғауын сол биіктік арқылы Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Раббысын көрмек болғанын байқауға болады. Демек, аяттағы айтылып отырған биік мұнара ол қазіргі пирамида болса керек. Ал оның іргетасы қарапайым балшықтан тұратын қабырға екенін бүгінде ғылыми тұрғыда дәлелденген.

0 пікір