Арам ақша
Арам ақша
10 жыл бұрын 4922
Лейла Абдіғаппарқызы

Ташкент қаласы. Көз тартар әдемі жерлері көп екен. Қала болған соң, көп қабатты үйлер, бірінен-бірі бой түзеп тұр. Қаз-қатар жолдар, автобустар, сапырылысқан адамдар аяқ басып жүре алмайсың. Әсіресе базарында құжынаған адамдар.  Екі жігіт қаланы тамашалап, базарға бас сүқты. Бұл екеуі өзбекке емес, қазаққа көбірек ұқсайды. Қаланы көруге, әрі жұмыстарымен келген болатын. Екеуі базарды аралап, біраз жүрді. Азаннан бері нәр татпаған екеуі, асханаға кіріп, өзбектің самсасы мен палауын жеп алды.

- Асқазанымызға бірнәрсе барды-ау әйтеуір-, деді толықша келген қарасұр жігіт Аман.

- Ия, сен бірінші асқазаныңды ойлайтын адамсың ғой-деп кекетті досы Сәрсен. Ақсарыдан келген, ірі денелі сымбатты жігіт.

 Екеуі тұрайын деп жатқаны сол еді, қастарына өзбек келді. Ет-бауырларына кіре амандасты. Өзбек бірнәрселерді аузымен айтып жатыр, тоқтамай біраз сөйлеген шығар. Шәңкілдеп, құлаққа да жағымсыз естіледі екен.Түсінгендері мынау болды:

- Аты  Бахур, оның ақшасы көп екен.

Оған астық тауып берсе, көп ақша беретіндігін түсіндіріп жеткізді.

- Астық дей ме? Қайдағы астық, өзіміз де жетісіп жүргеніміз жоқ- деді Аман.

- Шамасы қазақтарда астық көп деп ойласа керек –деді Сәрсен.

Өзбек жалынып-жалбарынып үйіне екеуін алып келді.

- Мына өзбегің бай ғой өзі-деді аузына еге бола алмайтын Аман.

Сәрсен Аманға қарап, тыныш дегендей ым қақты. Өзбек  шынымен бай екен. Зәулім екі қабатты үй, қызметкерлері де бар. Нан жабатын кішігірім цехы бар екен. Есік алдында алуан-түрлі гүлдер, жеміс ағаштарға толы.

Нан цехын көргеннен кейін бидай астығын неге іздеп жүргенін Сарсен түсінгендей болды.

  Үйіне кіргізіп, төрге шығарып алдарына ыстық ас қойды. Өзбек байғұс екеуінің асты-үстіне түсіп жүгіріп жүр. Әйеліне бірнәрселерді айтып айқайлап қояды.

   Астан кейін, столдың үстіне көп ақша әкеп қойды. Маған астық берсеңдер мына ақшаның бәрі сендердікі дегенін сөздерінен ұққандай болды. Екеуі ақшаға бір, өзбекке бір қарады.

- Сәрсен ондай астық бізде..... деп айта беріп еді, Аман сөзді қағып алды.

- Иә, бізде астық көп, бірақ мұнда қалай жеткіземіз деді.

Өзбек  менде сендермен бірге барамын. Астық тауып берсеңдер болды, қалғанын өзім тыңдырамын деді. Өзбек қуанып , орнынан тұрып шығып кетті.

- Сәрсен Аманды алакөзімен атып қайдағы астықты айттың? Аман ақшаларды алып жатып, мыналардан айырылып қалғым келмейді. Мұндай ақшаны түсіңде де көрмеген шығарсың. Тәңірдің бізге жіберген сыйы болса, неге одан бастартуым керек.

- Ал бидайды қайдан табасың?

- Ол жағынан қам жеме, бір ойлағаным бар.

- Берген асынан аттап, жаман нәрсе істемейтін шығарсың?

- Сәрсенге қарап, ол жағын өзім білемін.

 Таңата үшеуі жолға шықты. Ташкенттен Сарыағашқа, одан әрі  туған жерлері Отырарға келді.

- Ташкент қаласы әдемі болғанымен, туған жерге жетпейді екен-ау. Ауасының өзі неге тұрады. Ауаны кесектеп жұтып, сыртқа шығарған Сәрсен. Жерге жата қалып, топырағың иіскеді.

- У..у... мауқымды бастым ғой, тұрып жатып Сәрсен Аманға қарады. Сен не істейсің?

- Өзбек екеуміз Түркістан базарына барамыз.

- М..м... дұрыс екен. Аман Сәрсенді былай шығарып, қалтаға салынған ақшаны беріп жатып, екеуміз бөліп аламыз, әзірше сенде тұрсың. Солай екі жақа бөлініп кетті. Сәрсен ауылға қайтты.

 Аман содан екі күннен кейін, қас-қарая Сәрсеннің үйіне келді. Екі дос жолығысып, аман-саулық сұрасты.

- Әлгі ақша қайда –деді Аман.

- Қазір деп,- үйіне жүгіре жөнелген Сәрсен, көп күттірмей шықты.

Аманның қолына ұстатып жатып, әнекүнгі өзбекті не істедің? Шынымен астық тауып бердің бе?

- Қайдағы астық? Түркістан базарын білесің ғой. Үлкен базар, адамдар да көп. Сол жерде алдап-сулап адастырып, тастап кеттім. Байғұс өзбек мені іздеп, әбден шаршаған шығар-деп күліп алды.

- Енді мына ақша біздікі, кел екеуміз бөліп алайық.

- Жоқ,-деді Сәрсен. Ондай арам ақшаның маған керегі жоқ- деп үйіне кіріп кетті.

Анасының мінезі қатал, баласының әрбір ісін бақылап отырады.

- Үйге не әкелсеңде, тіпті ол кішкентай зат болсың, өз еңбегіңмен, адал ісіңмен тауып әкел дейтін.

Мынаны естісе, үйден кіргізбей қуып жіберетіні анық. Сондықтан ол арам ақшаны алмады.

Кейде достарымен карта ойнайтын. Ол кезде карта деген таңсық нәрсе ғой. Картаны ақшаға ойнайтын күндері де болатын. Ұтқан күндері, ұтып алған ақшаны міндетті түрде егелеріне қайтарып беретін.

Себебі тағы да анасы: «Құмар ойын ол жаман ойын, жаман ойыннан ұтып алынған ақша, ол арам ақша». Ондай арам ақшаны төрім түгіл, есігімнен де сығалатушы болма-дейтін баласына.

Сол ақшаны алған досы жап-жаңа «волга» машинасын сатып алды. «Волга» деген ол кезде ең қымбат, әрі қолы жеткен ғана алатын. Үлкен үйді де салып алды. Ең аяғы үйленіп, дүркіретіп той жасады. Бірақ тойға достарын шақырған жоқ. Ақшаның буымен, достарына мұрынын шүйіре қарайтын болды. Көшеде көрсе де, тіпті амандаспай өте шығатын.

                                

***

Уақыт деген зымырап, екі-үш жылды артқа тастады.

 Сәрсен үйленген, келіншегінің аяғы ауыр. Таңғы асын ішіп, жұмысқа барайын деп жатқан Сәрсен үйден шыға бергенде анасының жан дауысы шықты.

- Ой..бу...  дейді бетін шымшылап, Сәрсенге қарап, сенің әлгі досың бар емес пе еді? Әлгі аты кім еді, құдай-ау. Шәміштің баласы ше?

- А..а... Аманды айтасыз ба?

- Иә, кеше түнде үйінде өрт шығып, әйелімен қоса баласы да жанып кетіпті. Ешкімде құтқара алмапты. Бәленің бәрі әлгі машина құрғырынан келсе керек. Машинасы өзінен-өзі атылып, үйді де өртеп тыныпты.

- Өзі қайда болыпты?

- Әйтеуір, үйінде өзі болмапты, біржаққа кетіп қалса керек.

Сәрсен ішінен «арам ақша», «арам ақша» ...  деп қайталай берді. Сол арам ақша еш жазығы жоқ, әйелімен баласын жалмапты.                                                                                   

Төмендегі әлеуметтік желілері немесе сайтымызға <кіру> арқылы дауыс бере аласыз
Баға
2.3
52 дауыс
2 пікір