Неміс оқушылары жаппай исламды қабылдауға көшті. Ата-аналар дабыл қаға бастады
Неміс оқушылары жаппай исламды қабылдауға көшті. Ата-аналар дабыл қаға бастады
12 күн бұрын 422 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Taylor Flowe / Unsplash

Германияның мектеп оқушылары мигрант сыныптастарының ықпалымен жаппай исламды қабылдай бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде немістердің Bild мерзімді басылымына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дерек көзінің хабарына сенсек, христиандық сенімдегі балалар бүгінде Германия билігінің жұмысшы күшінің тапшылығына байланысты жүргізіп отырған миграциялық саясаттың құрбанына айналған. Мектеп қабырғасында азшылыққа айналған христиандық сенімдегі балалар өзгелерден оқшауланып, шеттеп қалмасы үшін осындай қадамға баруда-мыс.

0 пікір
Мұрағат