G7 елдері көмірден бас тартатын кезеңді атады
G7 елдері көмірден бас тартатын кезеңді атады
15 күн бұрын 632 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jan Woitas / Globallookpress.com

«Жетілік тобы» құрамындағы елдер (G7) көмірді электр энергиясы көзі ретінде пайдаланудан 2035 жылы толық бас тартатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Италияның Турин қаласында бас қосқан Ұлыбритания, Жапония, Америка құрама штаттары, Канада, Франция, Италия, Германия осындай ортақ келісімге келді. Соның ішінде «2030 жылдардың бірінші жартысында көмірмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіруді тоқтату» туралы шешім қабылданды. Дегенмен, бұл бағыттағы келісімде аталған елдер атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын аулау технологияларын пайдаланса, электр энергиясын өндіру үшін көмір жағуды жалғастыра алатыны айтылған. Осы орайда «Үлкен жетілік» елдерінің бірнеше жыл бойы көмір электр стансаларын пайдаланудан бас тарту туралы нақты, ортақ келісімге келе алмағанын айта кетпекпіз. Бұған дейін Oil Change International (OCI) және Friends of Earth US сарапшылары ірі елдердің кедей мемлекеттердегі қазба отын өндірісін дамытуға миллиардтаған доллар инвестициялауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Дәлірегі, 2020-2022 жылдар аралығында G20 елдері шетелде қазба отын өндіруге 142 миллиард доллар жұмсаған. Бұл тарапта Канада, Жапония және Оңтүстік Корея қыруар инвестиция құйған. Сонымен бірге, 2022 жылы шетелде қазба отын өндіруді қаржыландыруды тоқтатуға уәде берген G7 елдері көмір өндіруге инвестицияны қысқартқанымен мұнай мен газ өндіруді қаржыландыруды жалғастырып келеді.

0 пікір
Мұрағат