Арапа күні сәресіге ұйықтап қалыппын, не істесем болады?
Арапа күні сәресіге ұйықтап қалыппын, не істесем болады?
6 жыл бұрын 11828

Сәлеметсіз бе! Мен Арафа күнгі оразаны ұйстайын деген едім.  Бірақ, ұйықтап қалыппын. Таң намазы кіріп қойған екен. Енді, сәресіні ішпесе де, жалғастырып беруге бола ма? Алла разы болсын! Нұржамал.

Сәлеметсіз бе! Арапа күні сәресіге ұйықтап қалған адам, еш нәр татпастан сол күнгі нәпіл оразаға ниет етіп ұстап кете беруіне болады. Сол себепті, сіздің жағдайда сәресіге тұрмасаңыз да еш нәр татпастан Арапа күнгі оразаға ниет етіп, ұстап кете берсеңіз болады. Оразаңыз саналады. Алла қабыл етсін! 

Абдусамат Қасым