Ұрттап қойған едім. Рамазанда ораза ұстауға бола ма?
Ұрттап қойған едім. Рамазанда ораза ұстауға бола ма?
7 жыл бұрын 9233

Салеметсіз бе! Мен осыдан 1-2 күн бұрын аз да болса, харам (ішімдік) ішкенім бар еді. Ораза күніде жақындап қалды. Менің сұрағым ораза ұстауы ма бола ма, жоқ па? Анон.

Сәлеметсіз бе!

Алдымен мынаны айта кету керек, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Араққұмар – пейішке кірмейді» - деген[1]. Ішімдік ішу – ауыр күнәнің бірі. Мейлі аз ішсін, мейлі көп ішсін, бәрібір, ішкен адам ауыр күнә жасаған болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «көп ішкенде мас ететіннің, азы да харам» - деген.   

Әйтсе де, Жаратушы Иеміз тәубе еткен пендесіне кешірім жасайтындығын естен шығармау керек. Сондықтан да, бұдан былай шайтан суға мойын бұрмауға белді бекем буып, Аллаға тәубе етуіңіз ләзім.

Ораза ұстауға келер болсақ, ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған мұсылманға парыз. Арақ іштіңіз екен деп, ораза ұстаудан босатылмайсыз. Қайта күнәңізға тәубе етіп, ораза ұстаған дұрыс.  Онымен қоса, намазға да бастаңыз. Намаз - адамды әртүрлі жаман істерден тыйяды.

Алла тәуфиқ бергей!


[1] Ибн Мәжә - №3376 хадис.

Абдусамат Қасым