Кейбір адамдардың айтуынша, ауызды күн шыққанға шейін жабуға болады екен. Сол дұрыс па?
Кейбір адамдардың айтуынша, ауызды күн шыққанға шейін жабуға болады екен. Сол дұрыс па?
7 жыл бұрын 21084

Сәлеметсіз бе! Мен оразамды кеш жауып койдым. Кейбір адамдардың айтуынша күн шыққанға дейін болса болады деп естігем. Сол дұрыс па? Мадина.

Сәлеметсіз бе, Мадина! Ислам діні бойынша, ауыз бекіту уақыты ең кеш - таң рауандап, қылаң бере бастағанға шейін жалғасады. Құран тілімен айтқанда: «Қара жіптен ақ жіп анықталғанға шейін...»[1]. Пайғамбарымыз бұл аятты: «Түннің қараңғылы мен күндіздің жарығы» деп түсіндірген[2]. Сонда аяттың мағынасы: Түннің қараңғылығынан күндіздің жарығы анықтала бастағанға шейін ішіп-жеңдер дегендік болмақ. Дәлірек, таң намазының уақыты кіргенде сәресіні аяқтап, ауыз бекітіледі. 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде сәресі уақытында екі азан айтылатын: бірі сахаба Біләлдің азаны, екіншісі сахаба Умму Мәктумның азаны.  Әзіреті Біләлдің азаны таң намазының уақыты кірмей тұрып айтылатын да, ал сахаба Умму Мәктүмның азаны таң намазы кірісімен шақырылатын. Осыған орай, Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Сендер Умму Мәктум азан шақырғанға шейін ішіп-жеңдер" дегендігі хадис кітаптарында келтіріледі. 

Ал, ауыз бекітуді күн шыққанға шейін созу (до светового дня), ол – Христиан діні бойынша. Мұсылман дінінде олай емес.


[1] Бақара сүресі, 187 аят: «Таңнан қара жіптен ақ жіп анықталғанға шейін жеңдер, ішіңдер»
[2] Сахих Бұхари-№4240 хадис.

Абдусамат Қасым