Ассаламуалейкум! Ғұсыл ниеті болған, бірақ жуынып жатып ниет етуді ұмытып кетсе, ғұсылы санала ма?
|
Ниет етпей ғұсыл алса, ғұсылы дұрыс па?
|
Әлхамдулиллә. Уассәләту уәссәләму аля Расулиллә.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ниет - ғұсылдың шарттарына жатпайды. Ғұсыл деген, шомылу деген сөз. Ғұсылдың шарттары келесідегідей:
- Ауызды шаю.
- Мұрынды шаю.
- Бүкіл денені жуу.
Ендеше, ниет ғұсылдың шарты емес. Мүлдем ниет етпей, шомылса да ол ғұсыл болып саналады. Ниетсіз шомылған кісінің ғұсылы дұрыс. Мысалы, ғұсылсыз екенін ұмытып, жай душқа түсіп шықты делік. Онысы ғұсыл алғанға саналады. Бастысы шомылғаннан кейін ауызы бен мұрнын шайса жеткілікті.
Ғұсыл құйынуды керек етер жағдайлар келесідегідей:
- Жүніптік жағдайында (Жүніп деген - ерлі-зайыптылардың қатынасқа түскеннен кейінгі немесе ләззатпен шәуәт бөлінгеннен кейінгі туындаған ғұсылсыздық күй).
- Хайыздан кейін
- Нифастан кейін.
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?