ҚР Әлеуметтік кодексінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету үшін отбасы мүшелерін тарту көзделген
ҚР Әлеуметтік кодексінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету үшін отбасы мүшелерін тарту көзделген
1 жыл бұрын 704 inform.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандардың туыстарына «жеке көмекші» ретінде жалақы және әлеуметтік аударымдар рәсімделеді. Бұл туралы forbes.kz ақпарат көзі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың Атырау облысындағы жұмыс сапары кезіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

-1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтын адамдарға, асыраушыларынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға ұлғаяды. Жыл басынан бері жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюын ескере отырып, төлемдер мөлшері өткен жылдың деңгейіне қарағанда жалпы алғанда 23% - ға ұлғаяды.

Бұдан басқа, кодексте әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау көзделген. Оның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру,- деді О.Ордабаев.

Вице-министр ҮЕҰ өкілдерімен, мүмкіндігі шектеулі жандармен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесу өткізіп, ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қолдау шараларын түсіндірді. Сөз басында Әлеуметтік кодекс – бұл ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгізілетін және адамның бүкіл өмірлік циклін қамтитын бірыңғай әлеуметтік құжат екенін атап өтті.

-Біріншіден, Әлеуметтік кодексте мемлекеттік қолдау парадигмасын түбегейлі өзгерту көзделеді. Яғни, ол салдарын жоюға емес, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталатын болады. Екіншіден, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бүгінгі күні қолданылатын өтініш формасынан оларды ұсынудың анықтау нысаны мен проактивті форматына көшуді қамтамасыз ететін әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету. Үшіншіден, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушілер мен азаматтардың өздеріне де жүктелетін болады. Бұл міндеттемелер жаңа әлеуметтік келісімшарт аясында жүзеге асырылады. Төртіншіден, әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту жөніндегі шаралар нәтижелі және ресми жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады. Бесіншіден, халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер еңбек нарығын ырықтандыруды, жұмыс күшінің дағдыларын арттыруды және жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялауды көздейді,- деді О.Ордабаев.

0 пікір
Мұрағат