Қазақстанда жеңіл су туралы алғаш рет зерттеу жүргізілді. Айдын Айымбетов ғарышта қанша литр су ішкенін айтты
|
Биыл елімізде жеңіл судың адам өміріне және функционалдық резервтеріне әсері туралы алғашқы ғылыми зерттеу жүргізілді. Зерттеуге қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов қатысты.
Әлемдік ғылым бойынша жеңіл суды зерттеу салыстырмалы түрде жақында басталды (60 жылдан аспайды). Толық клиникалық сынақтар Венгриядағы, Америкадағы, Украинадағы және Ресейдегі ғылыми-зерттеу институттарындағы онкологиялық клиникаларда жүргізілген. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін жеңіл суды зерттеу жүргізілмеген.
Табиғатта жеңіл су – сирек кездесетін құбылыс. Ғылыми және медициналық мақсаттарда ол жасанды түрде зертханаларда шығарылады.
Жеңіл су туралы алғашқы қазақстандық зерттеуді академик Ерболат Дәленов пен «Азия су қоймасы» ғылыми директоры, академик Евгений Пятовтың жетекшілігімен Астана медицина университеті, Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институты жасады. Ұлттық ғылыми-зерттеу Томск политехникалық университетінің, Кубань мемлекеттік университетінің және Кубань мемлекеттік медицина университетінің (Ресей) қатысуымен өткізілді.
Asia waters ғылыми қызметінің гидрологі Евгений Пятковтың айтуынша, қазір тұщы суға қажеттілік артқан.
«Көкшетау қойнауынан өндірілетін тұщы судың ерекшелігін атап өткім келеді. Су экологиялық таза жерден, 100 метр тереңдіктен ұңғыма арқылы шығады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда толыққанды, оны адам ішкен кезде жүрек, бүйрек, асқазан органдарының жұмысын жақсартады. Тұщы суды біз минералды су деп атаймыз. Жер қойнауынан өндірілетін барлық су минералды деген атауға ие болады», - деді ол.
Маман толыққанды су деп адам ағзасына қажетті барлық концентратты заттарды қамтитын суды атады.
«Судың құрамында кальций, магний, йод, фтор сияқты микро-макро элементтер бар. Су адам ағзасына түскенде биохимиялық процесті жеңілдетеді. Қазір суды тазартудың бірнеше сатыдан тұратын үрдісі жүзеге асырылады. Мұндай су шөліңді қандырғаннан басқа ештеңеге көмектекпейді. Оның пайдасы аз.Тазартылған суды қолдана отырып, біз организмдегі маңызды элементерді шайып, ауруға да шалдықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, жер шарының үстіңгі қабатындағы барлық мұздық – таза су. Бірақ тұщы су емес. Оны қолданудың алдында тұз қосу қажет. Ал, физиологиялық таза судың көздерін табу керек», - деді ол.
Сонымен қатар, ол Көкшетаудан өндірілетін судың құрамында төмен дейтерия болады деді.
«Солтүстік өңірлерде қар мен судың таза болатыны белгілі. Қазақстанның да солтүстік өңірінде тұщы су баршылық. Ал, оңтүстік өңірлерде су ауырлау. Сонымен қатар, адам ағзасына беретін пайдасы аз. Тұщы су обаның алдын алуға да көмектеседі. Бұл су ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді» - дед ол.
Ғалымдардың қорытындысына сүйенсек, жеңіл судың адам ағзасына емдік әсері бар екені белгілі - ол иммунитетті жақсартады, радиациядан қорғайды, метаболизмді жақсартады, организмнен токсиндерді шығарып, қартаю процесін баяулатады. Бүгінде жеңіл су ғарышқа ұшқаннан кейін ғарышкерлерді қалпына келтіру үшін белсенді қолданылады. Сондықтан жеңіл су «ғарышкерлер суы» деп те аталады.
Айдын Айымбетов ғарышта қанша литр су ішкенін айтты
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елімізде жеңіл судың пайдасына байланысты алғаш рет жүргізілген зерттеуге қатысты.
Бұл туралы ол зерттеу барысына арналған конференция барысында мәлімдеді. Ол жеңіл су зерттеуіне қатысу жеңіл болғанын атап өтті.
«Бұл зерттеуге қатысқаныма өте қуаныштымын. Зерттеу өткеннен кейін адамдардың өзі бұл суды ішу, ішпеу керегі туралы шешім қабылдайды деп ойладым. Бұл менің кәсіби өмірімдегі ең жеңіл зерттеу болды. Су ішу ғана қажет еді. Бір жағынан, өте ауыр сынақтардың бірі болды. Себебі, ол тәулік бойы, өте ұзақ мерзімге жалғасты. Мен кәдімгідей, әдеттегідей жүрдім, тек, үнемі жеңіл су ішу қажеттігі жоғары болды», - деді Айымбетов.
Зерттеу нәтижесі қазақстандық ғарышкерді таңғалдырған.
«Себебі, өзім оңтайлы үрдісті байқадым. Менің ойымша, адам ағзасының 70% адамның тамақтануы мен не ішуіне байланысты. Маған не жейтініңді айт мен саған кім екеніңді айтам деген сөз шындыққа саяды. Денсаулыққа 20-30% сыртқы фактор әсер етсе, қалған көрсеткіш тамақ пен суға байланысты. Егер, жер шарының орбитасын алсақ, ас сублимацияланған күйде алынады. Бұл құрамында су болмайтын тағамдарға да қатысты», - деді ол.
Сонымен қатар, ол айтып өткендей, қазір суды жерден алған пайдалырақ екеніне көз жеткен.
«Су біздің өміріміздің көп бөлігін алған соң, егер адам ағзасы күніне 2-3 кг тағам қолданса, бұл тағам құрғақ күйде 200-300 грамды құрайды. Сонда, судың тағамдағы көлемі өте жоғары. Су азық-түлікте де, өсімдікте де, көкөністе де бар екенін атап өтті», - деді ол.
Қазақстандық ғарышкер ғарышта 2,5 литр су ішуге болатынын айтты.
«Судың ортақ көлемі тағаммен бірге қолданылды. Менің ойымша, күніне 2,5 литр су ішу жүзеге асты деп ойлаймын», - деді ғарышкер.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсері туралы еліміздегі алғашқы зерттеуге байланысты конференция өтіп жатқаны хабарланған. Конференция барысында «Астана медицина университетінің» ұстазы, медицина ғылымдарының докторы, академигі Ерболат Дәленов қарапайым суды жеткілікті пайдалану керектігін тұрғындарға күнделікті айта беру қажет екенін айтты.