Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық: Кім қанша төлейтін болады
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді ұсынды.
Бұл турал ведомствоның вице-министрі Нұржан Әлтаев үкіметтің баспасөз орталығында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеп.
“Бүгінді таңда министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бейресми қызмет ететін немесе қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын, бірақ ешқайда тіркелмеген адамдарды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар жасап жатыр”, — деді Әлтаев.
Сонымен бірге, ол биліктегілердің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты әлеуметтік қамсыздандыру құрылымына қалай енгізетінін егжей-тегжейлі айтып берді.
“Барлық қазақстандықтар әлеуметтік жәрдемақы алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізуді жоспарлап отыр. Салық және әкімшілік шаралар кешенін қарастыратын жұмыспен қамтуды рәсімдеу туралы заң жобасы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мәжіліс депутаттарына ұсынылады”,-деді ведомства вице-министрі.
Әлтаевтың айтуынша, БЖТ енгізу тіркеуді жеңілдетіп, салық жүктемесін азайтады, МӘМС аясында медициналық қызмет алуға және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді.
Біріңғай жиынтық төтем көлемі қала тұрғындары үшін 1 АЕК, ал ауыл тұрғындарына 0,5 АЕК болады деп жоспарлануда. Осылайша, түскен қаражаттың 10%-ы жеке кіріс салығына, 20%-ы – міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына, 30% зейнетақы төлеміне және 40%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есептеуі бойынша, біріңғай жиынтық төлемді енгізудің арқасында 500 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтушы көлеңкеден шығарылады.