Жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?
|
Жылжымайтын мүлік нарығы 2017 жылды «шумен» бастады. Себебі, әрбір қазақстандық басқа қалаға барған жағдайда тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұруға міндеттелді. Ал бұдан бөлек қандай өзгерістер болды?
1. 2017 жылдан бастап уақытша тіркеу құжаты болмаса айыппұл салынады
2017 жылдың 1 қаітарынан бастап уақытша тұрғылықты жері бойынша азаматтарды міндетті тіркеу жүйесі енгізілді. «Көші-қон туралы» заңында «уақытша тұрғылықты орын» деген түсінік пайда болды. Аталмыш заңға сәйкес, 30 күн өткеннен кейін азаматта тіркеу болмаса 7АЕК айыппұл салынады. Жағдай екінші рет қайталанатын болса айыппұл көлемі 13 АЕК-ке дейін (29 479 теңге) көбейеді.
2. 2017 жылдан бастап мүлік және жер үшін салықты бір жыл кейін төлеуге болады
Бұған дейін жекеменшік баспанасы, сондай-ақ жекеменшік және жалға алған жер учакелері бар ел азаматтары салықты жыл сайын 1 қазанға дейін төлеп келді. Енді Салық кодексінің бабында бұл ереже өзгертіліп «Нысанның тұрғылықты орны бойынша бюджетке салық кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленеді» деп жазылып отыр.
3. Жаңадан салынған үйлердің бағасы төмендеді
2016 жылдың 12 айында жаңа үйлердің сатылымы 3,6%-ға төмендегені белгілі болды. Статистика комитетінің мәліметі бойынша тұрмысқа жайлы үйлерді қайта сату 0,7%-ға, ал оны жалдау мөлшері 0,2%-ға қысқарған. Екінші нарықтағы тұрғын үйлердің шаршы метрі орташа есеппен188,6 мың теңгені құрады.
4. Бір жылда үйлерді сатып алу-сату келісімдері 14,6%-ға көбейді
2016 жылы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдерінің саны 190 209 болды. 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 14,6%-ға артқан. Ал 2016 жылдың соңғы айында сату-сатып алу бойынша тіркелген келісімдердің саны — 18 627.
5. Уақытша тіркелуді онлайн жүзеге асыруға болады
Уақытша тіркелуді үйден шықпай да үкіметтің электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болады, ол үшін ғаламторға қосылу мүмкіндігі және электронды цифрлы қолтаңба болса жеткілікті, мемлекеттік баж салығы электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы төленеді.
6.«Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша жеке тұрғын үй үшін ай сайынғы төлем 60 мың теңгені құрайды
«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ипотекаға үй сатып алған жағдайда ай сайыны төлем алғашқы 5 жыл 6 айда 60 мы теңгені құрайды. Үй үшін төлемнің жалпы көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мемлекет бағдарлмаға қатысушы үшін жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайтын жылдық субсидия бөледі. Бұл бағыт бойынша әкімдіктерде кезекте тұрғандар қатыса алады.
7. Қазақстанда долларсыздандыру жақсы нәтиже көрсетті
Ұлттық валютаға сенім қайтадан арта бастады. Ұлттық банктің мәліметінше,екінші деңгейлі банктердегі доллармен салынған депозиттердің деңгейі 2016 жылдың қаңтар айында 69,9% болса, жыл соңында 54,6%-ды құрады. Заңды тұлғалардың доллардағы депозиттері 62%-дан 49%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді.
8. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 жылда 1,5 млн отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтылды. Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады.