«40-50 жылдан соң қазақ даласы шөлге айналады» - профессор
«40-50 жылдан соң қазақ даласы шөлге айналады» - профессор
4 жыл бұрын 4585 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Келіс Жайлыбай қазақ даласының 40-50 жылдан соң шөлге айналып, ел аумағының көп бөлігін құрғақшылық жайлайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталыzakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалым қазақ даласындағы орны толмас зардапқа ұрындыратын экологиялық апаттың алдын алу үшін бірқатар шараларды қолға алу керектігін жеткізді. Осылай дей келе ол құрғақшылықтың алдын алудың әрі оның кері әсерін азайтудың екі қарапайым тәсілі барын тілге тек етті. Біріншіден, жанатын өнімдер санын әрі көмір жағуды азайтып, экологиялық апаттың алдын алу керек. Екіншіден, Қазақстанда емен, арша, акация, үйеңкі, қарағаш, терек, т.б. ағаштарды көптеп өсіру керек. Аталған өсімдіктер аса қуатты фотосинтез әрі ұзақ жасайды. Қазақ ғалымы бұл игі іске жастарды тарту керектігін, жыл сайын әрбір жас маман, мектеп оқушысы, жергілікті тұрғын кем дегенде 5 немесе 10 тал ағаш отырғызуды әдетке айналдыры тиіс екендігін әрі бұл процесс жалғасын тапса, 45-50 жыл ішінде еліміздің көп бөлігі жасыл желекке малынатынын жеткізді. Бұдан бөлек, "Экология" пәнінің 5-6 сыныптардан бастап оқу процесіне кіріктірілуі тиіс екендігіне, жас жеткіншектерге қоршаған орта туралы ақпарат берудің қажеттілігіне тоқталды. Мәселен, қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаз мезгіліндегі температура Цельсия бойынша 28-50 градус деңгейінде жиі көрініп жүр. Бұл жайт өз кезегінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне теріс ықпал етеді. 2019 жылы құрғақшылықтан астық түсімі күрт түсіп кетті, ал жайылымның оты жасық болды. Ұлыбританиядағы Лидс университетінің ғалымдарының тұжырымы бойынша 2050 жылға қарай әлемде құрғақшылық шырқау шегіне жетпек. Құрғақшылықтың салдары мен зардабы шөлді және шөлейтті аймақтарда қатты болмақ: тұшшы су тапшылығы артып, өрт оқиғалары көбейеді. Құрғақшылықтан әлеуметтік проблемалар тереңдеп, жануарлар қарасы кемиді, экономикалық дағдарысты айтарлықтай күшейтеді.

0 пікір
Мұрағат