Шай өмірді ұзартады – зерттеу. Көк шайдың тағы бір емдік қасиеті белгілі болды
Шай өмірді ұзартады – зерттеу. Көк шайдың тағы бір емдік қасиеті белгілі болды
2 жыл бұрын 2831 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күніне кемінде екі кесе шай ішетіндердің мезгілсіз өлім қаупі сусынды ұнатпайтындарға қарағанда 9-13% төмен. Мұндай қорытындыны британдық ғалымдар 40-69 жас аралығындағы 500 мың адам қатысқан он жылдық зерттеу барысында жасаған. Олардың 85%-ы үнемі шай ішсе, 89%-ы қара сорттысын таңдаған. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсері кәдімгі шайдан да, қантты шайдан да, сүтті шайдан да бірдей. Сусынның температурасы да маңызды емес, сондай-ақ, адам метаболизміне де (организмнің зат алмасу процесі) да кері әсері жоқ. Шайдың пайдасын оның құрамында қабынуды және қышқылдану стресін кетіретін, сондай-ақ, қан тамырларын нығайтатын және ағзадағы энергия деңгейін сақтайтын заттардың болуымен түсіндіруге болады.

Көк шайдың тағы бір емдік қасиеті белгілі болды

Сусынның құрамындағы эпигаллокатехин галлаты (EGCG)  жүрек талмасына әкелетін атеросклеротикалық бүртіктермен күресуге көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Hronika.info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көк шай денсаулыққа пайдасы көп сусын түрі, қан қысымын төмендетіп, зат алмасу процесін жақсартады, т.б. Алайда, оның жүрек-қан тамыр ауруының алдын алуға көмектесетіні енді белгілі болып отыр. Америкалық тәжірибелі биологтер көк шай құрамындағы эпигаллокатехин галлаты деп аталатын заттың жүрек талмасына апарып соқтыратын атеросклеротикалық бүртіктермен күресуге көмектесетінін анықтады. Атап айтқанда, ғалымдар әртүрлі молекулалардың, гепариннің, полисахаридтердің бірлескен әрекеті белгілі бір дәрежеде коронарлық тамырлардың бітелуіне жол бермейтінін алға тартып отыр.

EGCG - катехин деп аталатын өсімдік қосылысының бір түрі. Зерттеулер көрсеткендей, EGCG сияқты катехиндер сіздің жасушаларыңызды зақымданудан қорғауда және аурудың алдын алуда маңызды рөл атқаруы мүмкін 

0 пікір
Мұрағат