Жарты күмбезді мешіт (фото)
Жарты күмбезді мешіт (фото)
5 жыл бұрын 5108 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әбу Хафса Кабир Орта Азияға ислам дінінің таралуына үлес қосқан көрнекті ғалымдардың бірінен саналады. Алайда, оның өзіне қарағанда шәкіртінің аты озып, әлемге әйгілі имам Бұхаридің аты ауызға көп алынады. Бұл жайында qadriyat.uz ақпарат көзі хабар таратты. Әбу Хафса Кабир деген атпен танымал Ахмет ибн Хафс Бұхари қазірде Бұхара деп аталатын Орта Азиядағы ең ежелгі қалада 767 жылы дүниеге келген. Ол діни ілімін тереңдету үшін Бағдат шаһарына аттанып, Мұхаммед Шәйбаниден (имам Әбу Ханифа мен имам Әбу Иусуф шәкірті) дәріс алады. Ислам ілімін зерделеп, кейін отанына оралады. Ол мүждаһид (діни әрі құқықтық мәселелерді өз бетінше түсінідіре алатын дінтанушы) дәрежесіне қол жеткізген, өз дәуірінің көрнекті ғалымдарының біріне айналады. Оның арқасында Бұхариге «Ислам күмбезі» деген лақап ат беріледі. Ол Мәуренаһрда ханафилік фиһқты насихаттады. Орта Азиядан шыққан тарихшы ан-Наршаһи Әбу Хафс Кабир туралы мынадай дерек келтіреді: қажылардан тұратын керуеннен бір жолаушы арнайы келіп, фиһқа қатысты бәр мәселенің мән-жайын сұраған екен. Сонда Әбу Хафс Кабир: «Сіз Ирактан келдіңіз, ирактық ғалымдардан неге сұрамадыңыз?» деп таңданады. Жолауша сауалына ирактық ғалымдардың жауап бере алмағанын алға тартады әрі Бұхариге жөн сілтеп жібергенін жеткізеді. Әбу Хафс Кабир барлық салаға, соның ішінде сауда немесе дұға болсын, қатысты сауалдарға жауап беретін ғалым болған. Ол Бұхараның солтүстік бөлігінде тұратын. Оның білімдарлығы мен кемеңгерлігіне тәнті болған жергілікті халық Оған апаратын жолды «Ақиқат жолы», ал жақын маңдағы қақпаны «Ақиқат қақпасы» атап кеткен. Аңызға сенсек, Бұхарада алғашқы медресенің іргетасын Әбу Хафс Кабир қалаған. Қазіргі уақытта ол осы заманғы Пой-Калиан кешенінде орналасқан. Ғалым 832 жылы Бұхарада дүние салады. Сол қалада ақтық сапарға шығарып салады, яғни, мәйіті жер қойнына тапсырылады. Оның сүйегі жерленген мазар Оның құрметіне «хазіреті Имам» аталып кеткен. Кесене тұрғызылған оның бейітіне мұсылмандар әлі күнге зиярат етіп тұрады. Маңында мешіт бар. Коммунистер, яғни, атеистер кезінде Әбу Хафса Кабирдің кешенін сүріп тастайды. Өзбекстан тәуелсіздік алған соң 2010 жылы қайта тұрғызылады. Жаңа мешіт дәстүрлі сәулет үлгісінде салынғанымен бір назар аударарлық тұсы бар – күмбезінің жартысы жоқ. Алайда, анықтап зер сала қараған адам оның екінші жартысы барына көз жеткізе алады – шағындау болып келеді. Бұхаралықтардың өзі бұл ерекшелікті ақырет пен мына дүниені ишаралайтындығымен түсіндіреді. Бұдан бөлек, мешіт күмбезінің үлкен жағы Әбу Хафса Кабирдің, ал шағын жағын оның шәкірті имам Бұхаридің дәрежесін тұспалдап тұр, деп сенеді. Өйткені, имам Бұхари өзінің ұстазына борыштар. Үлкен жүректі ғалым атанғанына.

Картинки по запросу Имом Абу Хафс Кабир Бухорий

Картинки по запросу Имом Абу Хафс Кабир Бухорий

Картинки по запросу Имом Абу Хафс Кабир Бухорий

Картинки по запросу Имом Абу Хафс Кабир Бухорий

0 пікір
Мұрағат