Ғалымдар ауырсыну сезіміне жауапты ағзаны және оны бұғаттайтын тәсілді тапты
Ғалымдар ауырсыну сезіміне жауапты ағзаны және оны бұғаттайтын тәсілді тапты
5 жыл бұрын 3695 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамның немесе өзге де тіршілік иесінің организімінен жаңа ағзаны тапқандарын жариялап жатады. Осы жолғысы елде елең еткізерлік елеулі жаңалық болғалы тұр. Швециядағы Каролин институтының ғалымдары тышқанның терісінен бұрын белгісіз болып келген, белгілі бір ауру түрін сезіндіретін әрі реакция білдіретін ағзаны тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде ауруды басатын дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, жер бетіндегі әрбір бесінші тұрғын қандай да бір ауруды ұдайы сезінеді және одан жапа шегеді. Аталмыш жаңалық ең алдымен оларға көмектеседі. Десе де пышақтың екі жүзі болатыны секілді аурудың да пайдалы жағы бар: егер адам аурудың не екенін білмесе, сақтықты ұмытып, кез келген кеселден көз жұмады. Айталық, оттың күйдіретінін сезінбеген адамның ажалы оттан болуы ықтимал. Десе де ауырсынуды тудыратын кез келген нәрсеге қатысты реакцияның әмбебаптығы (мәселен, ыстық заттан қолын тартып алу реакциясын алайық) әлі күнге жұмбақ. Соған қарамастан ғалымдар ауруды сезіндіретін ағзаны ноцицептивті, глионейронды кешен деп атады. Табылған құрылым глиалды жасушалардан тұрады: ол организмнің жүйке жасушаларының қызметіне қолдау көрсетеді. Глиалды жасушалар терінің сыртқы және ішкі  қабаттарының арасында торлы құрылым түзеді – терінің сыртқы қабатына дейін жайылатын жіп тәрізді «талшық». Аталмыш құрылым, мәселен, уколдан, жарақаттанудан, кесіп алудан болатын механикалық ауруларды сезіндіреді. Бұрын мұндай ауруларды ноцицептивті талшық сезіндіреді деп есептеліп келген еді. Швед ғалымдары аталмыш ағзаның қызметін тексеріп әрі зерделеп көреді. Жоғарыда айтқанымыздай, тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы. Біз сөз еткен жасушалар ағзаға гендік редакциялаудың көмегімен «іске қосылған» кезде мақұлықтардың организімі  ыстықтан немесе суықтан болатын жайсыздыққа әдеттегіше жауап қатқан. Алайда, механикалық ауруға реакциясы әлсіз болған. Бұл зерттеу барысында алынған мәліметтер мен зерттеу нәтижесі аурудың қашан басталып, қалай күшейетінін білуіне мүмкіндік береді. Десе де мамандар адамда мұндай орган бар ма, жоқ па, нақты білмейді. Аталмыш зерттеуді жүргізген ғалымдарға жетекшілік еткен Каролин институтының ғалымы Патрик Эрнфорс (Patrik Ernfors) адамдардың организімінде де мұндай ағзаның барына күмән келтірмейді. Егер адамның организімінде аталмыш ағза бар болса, түрлі невропатикалық ауруларды емдеуге бұл жаңалық көп көмегін тигізеді. Мәселен, жай ғана жанасып кеткеннің өзінен ауруы жанына бататын аллодиниден зардап шегетіндерге көмектеседі. Бұл тақырыптағы ғылыми мақала Science мерзімді басылымында жарияланды.

0 пікір
Мұрағат