Ультракүлгін сәулесінің зияны
Ультракүлгін сәулесінің зияны
10 жыл бұрын 25796

Күннен қашып, көлеңкені саяласаңыз да ультракүлгін сәуледен пайда болған тері жарақаты ұзақ уақыт жазылмайды. Ғалымдардың айтуынша, күн ваннасын, сондай-ақ, соляри қабылдағаннан кейін ультракүлгін сәулелену терінің түсін кіргізетін мелани затын түзетін меланоциттің арнайы жасушасындағы ДНК-ны зақымдайды. Ал бұл өз кезегінде тері обырының  пайда болуына себеппкер болады. Бұрын меланиннің теріні сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен, дәлірегі, ультракүлгін сәуледен қорғайтыны туралы пікір айтылып келген болатын. Алайда, жаңа зерттеу нәтижесінен меланиннің теріні тек қорғап қана қоймай, сонымен қатар, зиянды әсерін тигізетіні белгілі болып отыр. Зерттеушілер адам мен тышқанның  меланоцитін ультракүлгін сәулеленумен сынап көрген екен. Меланинді меланоцитте ДНК-ның зақымдану процесі баяу жүрген  және сәулелену тоқтағаннан кейін де бұл процесс бірнеше сағатқа созылған. Ал меланині жоқ меланоцитке келсек, тек сәулелену кезінде ғана зақымданған. Егер ересек адам терісінің ішіне үңілсек, онда мелианиннің оны зақымданудан қорғайтынын байқаймыз. Ол қалқан секілді қорғайды. Десе де, оның пайдалы жаағымен қатар зиянды жағы да бар болып шықты. Бұл жайында Йел университетінің медицина мектебінің терапевтік радиология және дерматология профессоры Дуглас Браш мәлім етті. Ғалымдар күн ваннасын қабылдап болғаннан кейін де ДНК-ның зақымдануына апарып соқтыратын процестің қалай жүретінін түсіндіріп берді: ультракүлгін сәулелену меланиннің түзілуіне ықпал ететін ферменттердің белсенділігін оятады екен. Осы процесс негізінде күн түскен және қараңғы жерде де терінің зақымдануы бәрібір орын алады. Процесс өте баяу жүретіндіктен ғалымдар оның алдын алудың жолдарын қарастырған. Сондай тәсілдердің бірі – күнге қыздырынғаннан кейін тері жасушаларына тигізетін кері әсеріне тосқауыл қоятын түнгі кремді жағуға кеңес беріп отыр. Бұл жайындағы ғылыми мақала ағылшын тілінде жарық көретін Science басылымында жарияланған болатын.

0 пікір
Мұрағат