Ұйқы шақыратын ақуыз табылды
Ұйқы шақыратын ақуыз табылды
3 жыл бұрын 2168 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аденозин адамның ояу кезінде жиналады, кофеин арқасында уақытша шаршағанымызды ұмытамыз. Алайда, бұл шаршағанымыз жасуша деңгейінде нейрондар ДНҚ-да зақымдалу тудырады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Molecular Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Абиб (Израил) университетінің ғалымдары Бар-Илан атындағы жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірігіп, бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу барысында балықтарды зерделеген екен: қандай ақуыз ұйқыға бастайтынын анықтау үшін. Ғалымдар данио балықтарына тәжірибе жасап көрді. Оптогенетика, радиациялық және фармакологиялық дәрілер мен құралдардың көмегімен олардың шаршағаны басылып, тыңайюы  үшін ұйқының да қажет екендігі анықталды. Толық қалпына келу үшін балықтар кем дегенде алты сағат ұйықтауы керек. Сондай-ақ, PARP1 протеині, яғни, ақуызы жасушалардағы ДНҚ-ның зақымдалған орындарын «белгілейтін» болып шықты. Ғалымдар бұл ақуыздың экспрессиясын немесе блокталуын ынталандырып көрді. Осылайша олардың ұйқыға бастайтынын және оған тәуелділікті арттыратынын анықтай алған еді. Аталмыш ақуызды бұғаттаған кезде балық шаршағанын сезбеген әрі ұйқысы келмеген. Яғни, шаршау мен ұйқы сигналдарын қабылдаудан қалған. Адам да мұндай ақуыз бар, алайда, оның ұйқы процесіндегі рөлі беймәлім, неге десеңіз, балық пен адам организмдері әртүрлі болып келеді.

0 пікір
Мұрағат