Тұңғыш рет ДНҚ-робот жасалды. Ол тірі жасуша секілді жұмыс істейді
Тұңғыш рет ДНҚ-робот жасалды. Ол тірі жасуша секілді жұмыс істейді
3 жыл бұрын 2240 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар компьютер функциясын ДНҚ негізіндегі қозғалтқышқа кіріктірді, яғни, молеулярлы робот пайдаланылатын саланы анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ДНҚ негізінде жасалған алғашқы жұмыстар, олар есептеулер жүргізе алады, сонымен қатар, отынды жағып (энергияны пайдаланып), межесі белгіленген бағытта қозғала алады. Аталмыш құрылғы қоршаған ортаның химиялық ақпаратын қабылдап, өңдей алады, содан соң тірі жасушаға тән негізгі кейбір ерекшелікті таныта отырып, соған сай реакция таныта алады. Оларды белгілі бір патогендерге немесе ДНҚ тізбегіне жауап қататындай етіп бағдарламалауға (программалауға) болады. Сол себепті, ғалымдар бұл құрылғыны медициналық мақсатта, соның ішінде диагностикада қолданып көруге болатынын алға тартып отыр. Тағы бір артықшылығы – әрбір қозғалтқыш топпен бірге әрекет етсе де өз бетінше жұмыс істей алады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай ерекшелік түрлі тапсырмаларды орындауға әрі олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етуге қажетті микрондық көлемдегі қозғалтқыштар массивін жасауға көмектеседі. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Емори университетінің химия профессоры Халид Салайтаның сөзіне қарағанда, ДНҚ-қозғалтқыштардың бір-бірімен өзара әрекеттесе алатын қабілеті – құмырсқалардың немесе бактериялардың орын ауыстырып жылжуына ұқсас процесті тудыруға жасалған алғашқы қадам. ДНҚ нанотехнологиясы ДНҚ негіздерінің табиғи түрде өзара әрекеттесуі және бір-бірімен байланысы негізінде жүзеге асады. Ғалымдар бұл тарапта ДНҚ-ның синтетикалық жіптері негізінде орындарын ауыстыра отырып, олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз ете алады – құрылғыны түрлі пішінге енгізіп, жұмыс істету үшін.

Ұқсас материалдар: 

"Адам миына енгізілетін робот жасалды" (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/adam-miyna-engiziletin-robot-jasaldy-16638/#gsc.tab=0);

"Асқазандағы бөтен затты алып шығатын шағын робот жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/asqazandagy-boten-zatty-alyp-shygatyn-shagyn-robot-jasaldy-video-5190/#gsc.tab=0);

"Діңгекті жасушалардан жасалынған биороботтар есте сақтауды үйренді " (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalardan-jasalyngan-biorobottar-este-saqtaudy-uirendi-video-15088/#gsc.tab=0);

"Адам ағзасының қажетті жеріне дәрі жеткізетін шағын робот жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-agzasynyn-qajetti-jerine-dari-jetkizetin-shagyn-robot-jasaldy-9626/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат