Туберкулез қоздырғышының өлім-жітімге апаратын себебі анықталды
|
Туфтс университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары туберкулез агенті – таяқша тәрізді туберкулез бактериясының ем-домға көнбейтін төзімділігінің және аталған дерттен болатын өлім-жітімнің ықтимал себебін анықтады. Қоздырғыштың қауіпті қасиеті - оның өзін-өзі көбейту қабілетімен байланысты болып шықты. Бұл жайында islam.kz зерттеу материалы жарияланған порталы «Nature Microbiology» (NatMicrobio) ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақьтау ұйымы туберкулезді әлемдегі өлім-жітім деңгейі ең жоғары инфекция ретінде ресми түрде таныды. Ғалымдар туберкулез бактериясының адам организімінде эволюцияға шапшаң бейімделу есебінен ұзақ уақыт қалатынын анықтады. Аталған микроорганизмнің бұл тетігі иммундық жасушадан жалтарып, антибиотиктке бой бермейтін етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, туберкулез таяқшасы жасушаның көп өсуіне тәуелді емес. Ал бактериялардың өзге түрлерінің өсуі экспоненциалды болып келді, яғни, бактериялар кішкентай болғанда жасуша баяу өседі. Туберкулез бактериясының өсу қарқыны бірдей болып келеді – олар енді пайда болғанына (яғни, титтей болғанына) немесе өзінің жасушадағы кезеңінің соңғы кезінде болғанына (ұзамай бөлінуі тиіс кезі) қарамастан өсе береді. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қабілетке ие алғашқы организм осы туберкулез бактериясы болып шықты. Туберкулез бактериясының бұл ерекшелігі бактериялар туралы осы уақытқа дейін қалыптасқан биологиялық негізін қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені осы уақытқа дейін рибосом (жасушадағы ақуыздың синтезделетін орны) жасушаның өсу жылдамдығын басқарады деп есептеліп келген еді. Сондай-ақ ғалымдар туберкулез бактериялары «туғаннан» кейін кез келген соңғы жағынан өсе бастайтынын анықтады. Туберкулез бактериясына туыс өзге микробтар аналық жасушасына қарама-қарсы белгілі бір жақтан ғана өседі.