Табиғи жасыл түс: ғалымдар ағашқа төңіректі жарыққа бөлейтін қасиет дарытты (видео)
Табиғи жасыл түс: ғалымдар ағашқа төңіректі жарыққа бөлейтін қасиет дарытты (видео)
2 күн бұрын 557 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцария ғалымдары саңырауқұлақ көмегімен ағаштың қараңғыда жарқырауына мүмкіндік беретін бірегей технология жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде биолюминесцентті материалдарды жасау мүмкіндігін кеңейтеді. Осылайша электр энергиясы жоқ жерлерді жарық етудің әдісі табылды. Бұл тарапта Desarmillaria tabescens саңырауқұлағы мен balsa ағашы пайдаланылды. Зертханада зерттеушілер бұл материалдарды жоғары ылғалдылықты сақтай отырып, үш ай бойы бірге инкубациялаған. Осы уақыт ішінде ағаш ылғалды сіңіріп, оның салмағын сегіз есе арттырды. Бұл технологияның негізгі тетігі оттегі іске қосатын реакцияда жатыр – жарқырауық жәндікте кездесетінге ұқсас люцифераз ферменті биохимиялық реакцияны белсендіріп, ағашты жасыл сәуле шашыратуға мәжбүрлейді. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, ағаш толқын ұзындығы шамамен 560 нанометр жасыл спектрде 10 күн жарқырай алады. Сонымен қатар, саңырауқұлақтар ағаштың қаттылығына жауапты лигнинді жойғанымен целлюлозаға әсер етпейді, яғни, оның тұрақтылығын сақтайды. Ғалымдар бұл технологияның әлеуеті мен мүмкіндігі зор екенін алға тартып отыр. Болашақта жарқырайтын ағаш үй-жай мен қоғамдық орындар, саябақтар үшін энергия үнемдейтін жарық көзіне айналатынын мәлімдеді. Әзірге бірегей технология тек өңделген ағашқа ғана қолданылды. Ғалымдар табиғи жағдайда жарқырай алатын тірі биолюминесцентті ағаштарды жасау мүмкіндігін де қарастыруда. Инновациялық технологияны жетілдіру арқылы қазіргіден де жарқырап жарық шашуы үшін және биолюминесцентті ағаштың қызметт ету мерзімін ұзарту бағытында жұмыс істейтін болады.

 

0 пікір
Мұрағат