Сүйек тінін қалпына келтіруге қабілетті биологиялық материал жасалды
Сүйек тінін қалпына келтіруге қабілетті биологиялық материал жасалды
1 жыл бұрын 1329 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Willian Fernando Zambuzzi/UNESP

Бразилиядағы Сан-Паулу штаты университетінің ғалымдары остеобластың (сүйек түзетун жасуша), сүйек жасушаларының дифференциациясын (саралануын) тездететін биоматериал жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы agencia.fapesp.br ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалық болашақта сүйек регенерациясында, сүйек трансплантатында және тіс импланттарын қалпына келтіруде қолданылуы мүмкін. Материал кобальт қосылған монетиттен тұрады. Бұл кальций фосфатының қосылысы құрылымы жағынан адамның сүйек минералына ұқсас. Монетит құрамында кальций, сутегі, оттегі және фосфор кездеседі. Оны биомедициналық салалардың көбісінде қолданылады, соның ішінде протездеу үшін жабындар мен инъекциялық сүйек цементін дайындауда пайдаланылады. Бразилия ғалымдары материалға остеобласты дифференциациялауда  шешуші рөл атқаратын кобальт қосты. 2014 жылы қан тамырларын қалыптастыратын эндотелді жасушалардың остеобластың саралануына ықпал ететінін әрі қан тамырларының өсуі мен остеогенездің эндотелді жасушалар (жүректің, қан және лимфа тамырларының ішкі бетін астарлайтын жұқа қабық) және остеобластық жасушалар арасындағы молекулалық кедергімен байланысты екенін анықтады. Осы нәтижелерге сүйене отырып, зерттеушілер остеобласт дифференциациясына жанама әсер ету арқылы қан тамырларының өсуіне ықпал ететін молекулаларды зерттеді. Бұл тараптағы бірқатар тәжірибе кезінде олар гипоксияға ықпал ететін және оттегінің жетіспеушілігін жоюға талпынып, дененің қан тамырларының санын көбейтетін кобальт хлоридін таңдады. Сынық алған немесе ісікті алып тастауды қажет ететін трансплантологияда, сондай-ақ, тіс протезінде әдетте пацменттің өзінен алынған сүйек фрагменттері (жұрнақтары) пайдаланылады. Десе де бұл процедура отаны қажет ететіндіктен организмге инфекция түсу қатері артады әрі науқастың жазылуына бірталай уақыт кетеді, Ал жасанды материал осы олқылықтың орнын толтыра алады.

0 пікір
Мұрағат