Сүйек кемігін трансплантациялауда өлім қатерін екі есе азайтатын әдіс табылды
Сүйек кемігін трансплантациялауда өлім қатерін екі есе азайтатын әдіс табылды
2 жыл бұрын 1564 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. ото: Артем Краснов / Коммерсантъ

Горбачев атындағы балалар онкологиясы, гематология және трансплантология ғылыми-зерттеу институтының ресейлік ғалымдары сүйек кемігін трансплантациялау кезінде организмнің бөгде ағзаны немесе тінді жатырқауын азайтуға септігін тигізетін әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей ғылыми қорының баспасөз қызметіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қанның қатерлі ісігімен ауыратын, басқа емдеу әдістерімен аурудан құтыла алмаған науқастарға сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Сонымен қатар, трансплантация кезінде организмді жатырқау қаупін қоса алғанда бұл тарапта өзге де қатерлі сәттер кездеседі. Мұндай жағдайда дәрігерлер стероидты препараттарды пайдаланады, олардың кейбіреулерінің науқасқа емдік тұрғыдан әсері болмауы мүмкін, ал екінші бөлігі қауіпті, яғни, кері әсері болады. Осыны ескерген мамандар мұндай дәрі-дәрмекке балама ретінде кейбір заттарды қолдануға болатынын алға тартып отыр. Мәселен, кальцинеурин ферментінің белсенділігін тежейтін қосылыстарды қолдануға болады. Сонымен қатар, ол трансплантациядан кейін организмнің жатырқау реакциясының қалыптасуына қарсы Т-жасушаларын және иммундық жауаптың басқа компоненттерін белсендіру үшін қажет. 18 бен 67 жас аралығындағы 73 науқасқа жүргізілген сынақтардың нәтижесінде ғалымдар бұл теорияның тиімділігін дәлелдеді. Бұл бағыттағы зерттеуге тартылған немесе қатысқан науқастарға химиотерапия жргізілді, содан кейін жатырқау реакциясын басу үшін кальцинеурин тежегіштері берілді. Бұл терапия бөгде ағзалар мен тіндерді организмі ұдайы жатырқайтын науқастардың 95 пайызының, сондай-ақ, осынау синдромның өткір түрінен зардап шегетіндердің 76 пайызының өмір сүру мүмкіндігін екі есе арттырған. Салыстыру үшін алсақ, стероидты препараттарда бұл көрсеткіштер 60 пайыздан аспайды.

0 пікір
Мұрағат