Сиыр көңінен бөлінетін парникті газды залалсыздандыру тәсілі табылды
Сиыр көңінен бөлінетін парникті газды залалсыздандыру тәсілі табылды
3 жыл бұрын 2137 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биртандықтардың бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жасанды найзағайдың көмегімен мал шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін, қоршаған ортаға зиянды парникті газды айтарлықтай азайтуға болады. Британдықтар сиыр көңіне плазмалық соққы беру арқылы осындай жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Плазмалық импулсті генерациялайтын құрылғы Бакингемшир аумағындағы Холли Грин (Holly Green Farm) сүт фермасында сынақтан сәтті өтті. Кернеуді (разряд) көңге атқанда ондағы жоғары температуралы зат (плазма) метан мен аммиактың молекулаларын бұза алған еді; олар өз кезегінде азотқа, көміртекке және сутегіне дейін ыдыраған болатын. Таза азот сұйық ортада сіңеді де табиғи тыңайтқышқа айналады, бұл фермерлерге синтетикалық тыңайтқышқа жұмсалатын қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бермек. ADAS деп аталатын тәуелсіз консалтингтік фирма сарапшыларының есебінше, плазма импулсі аммиак концентрациясын 90 пайызға дейін азайта алған, ал метаннан бөлінетін парникті газды 99 пайызға дейін кеміткен. Осыдан кейін плазмалық импулс өңдеуінен кейін көң өзіне тән иістен арылған. Алайда, аталмыш технологияны қолданысқа енгізуге электр энергиясы бағасының қымбаттығы қолбайлау болып отыр. Дегенмен құрылғыны күн сәулесінің энергиясымен де қуаттауға болады.

0 пікір
Мұрағат