«Шыны гел» деп аталатын материалдың жаңа түрі жасалды (видео)
«Шыны гел» деп аталатын материалдың жаңа түрі жасалды (видео)
5 ай бұрын 595 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. North Carolina State University

Солтүстік Каролина университетінің зерттеушілері табиғаты екі бөлек заттарды - шыны тәрізді полимер мен гелдің қасиеттерін «glassy gel»  («әйнек тәрізді гел») деп аталатын жаңа материалда біріктіре білді. Оның 50%-ы судан тұрғанымен өте берік. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шыны тәрізді полимер айтарлықтай қатты болғандықтан иілмейді немесе майыспайды, соған байланысты көбінесе өте сынып кете береді. Шыны тәрізді полимер әдетте жолаушылар ұшақтарында терезе жасау үшін қолданылады. Ал гел құрамы сұйық болғандықтан қатты бола алмайды. Бұл бағыттағы зерттеу тобының жетекшісі Майкл Диккидің айтуынша, әріптестері қаттылығы жағынан шыны тәрізді полимерден кем түспейтін, соған қарамастан бастапқы өлшемімен салыстырғанда 5 есе созыла алатын материал әзірлей алған. Оның үстіне, жаңа материалды қыздыру арқылы бастапқы өлшеміне оңай қайтаруға болады, яғни, бастапқы қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, шыны тәрізді гелді жасаған ғалымдар бұл материалдың екі пайдалы қасиетін ерекше атап көрсетеді: электрді жақсы өткізеді және жабысу қабілеті жоғары. Құрамындағы сұйықтықтың көптігіне қарамастан шыны тәрізді гел буланбайды және кеуіп кетпейді. Материалдың жаңа класын жасау процесі өте қарапайым: кәдімгі шыны тәрізді полимердің сұйық прекурсорына иондық сұйықтық қосылады, ал алынған қоспа ультракүлгін сәулелену әсеріне ұшыратылады немесе өте күлгін сәулемен өңделеді. Шыны тәрізді гел пайда болған кезде еріткіш — иондық сұйықтық — полимер тізбектерін бір-бірінен «итеріп», полимерді ге тәрізді жұмсақ әрі созылатын етеді. Өз кезегінде ультракүлгін сәуле материалға қаттылық дарытады. Еріткіштің құрамындағы иондар полимерге қатты тартылатындықтан полимер тізбектерінің қозғалысына кедергі жасайды. Тізбектердің қозғала алмауы оны шыны тәрізді етеді. Бұл жолғы зерттеуде материал тартымды күштердің әсерінен қатты болады, есесіне тізбектер арасындағы қосымша қашықтыққа байланысты созыла алатын қасиетін жоғалтпайды.

0 пікір
Мұрағат