Шөлдегі ауадан мол су алуға мүмкіндік беретін гел жасалды
Шөлдегі ауадан мол су алуға мүмкіндік беретін гел жасалды
2 жыл бұрын 1085 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары ауадан суды, тіпті, ауа құрғақшылықтан қаңсып тұрған жағдайда да, яғни, 30% салыстырмалы ылғалдылықта суды аз уақыт ішінде жинауға қабілетті гидрогелді синтездеді. Материал ылғалды өзіне тартады және оның ағып кетуіне жол бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тәсілмен суды жылытуға, конденсациялауға (буға айналдыруға)   және жинауға болады. Гидрогел мөлдір, серпімді материалдан жасалған, мысалы, бір реттік жаялықтарда қолданылатын табиғи сіңіргіш материал секілді. Зерттеушілер литилік хлоридті, күшті құрғатқыш тұзды қосу арқылы гидрогелдің сіңіргу қабілетін арттырды. Алдыңғы зерттеулердің көпшілігінде ғалымдар гидрогелдерді тұзды суға салып, үлгілерді синтездеу үшін тұздың гелге сіңуін күтуіне тура келген еді. Бұл бағыттағы тәжірибелер 24-48 сағақа дейін созылатын, себебі, процесс тым баяу жүретін. Инженерлер сіңірілген тұз мөлшерін және материалдың сіңіргіштігін арттыру үшін бұл технологияны жаңартты, дәлірегі, жетілдірді. Ғалымдар бұл тарапта полиакриламидті (жалпы гидрогел) және хлоридті пайдаланды. Гидрогел түтіктерін стандартты араластыру әдістерін қолданып синтездегеннен кейін зерттеушілер түтіктерді жұқа дискілерге кесіп, оларды түрлі тұз концентрациясы бар литий хлоридінің ерітіндісіне батырып көрді. Зерттеушілер күн сайын дискілерді ерітіндіден шығарып, өлшеп, гелдерге енген тұз мөлшерін анықтады, содан кейін оларды ерітінділеріне қайта салатын. Талдау нәтижесі гидрогелдің уақыт өте тұзды көбірек сіңіретінін көрсетті. Ерітіндіге 30 күн сіңіргеннен кейін гидрогел 1 г полимерге шаққанда 6 г тұздан «айналған» бұрынғы рекордымен салыстырғанда 24 г-ға дейін тұзды біріктірген болатын. Мұндай материалдың ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30% болған жағдайда 1 г материалға 1,79 г дейін суды сіңіретінін көрсетті. Яғни, ылғалдылығы өте төмен, аптап ыстық орнайтын шөл далада суды молынан жинауға мүмкіндік беретін материал осылайша пайда болды.

0 пікір
Мұрағат