Шартарап: "Жүгіретін жолы" бар велосипед (фото+видео)
Шартарап: "Жүгіретін жолы" бар велосипед (фото+видео)
9 жыл бұрын 5269 massaget.kz jornalistasquecorrem.com.br neurogadget.com hi-news.ru А.Жапатова

 «Жүгіретін жолы» бар электрлік велосипед — денсаулығына аса күтіммен қарайтын адамдар үшін өте пайдалы көлік. Жыл өткен сайын өнертапқыштар қиялы шексіз екенін дәлелдеп келеді. Бұл өнертапқыштардың кезекті туындысы  орныңыздан қозғалу үшін жүруді қажет етеді. "Lopifit" атауын алған өнертабыс әлемдегі алғашқы «жаяу жүретін велосипед» болып отыр.

Қай жағынан қарасақ та, бұл концепция дәстүрлі велосипедті басқаша ойлап шығару болғандықтан, әлемдегі электрлік велосипедтер арасынан нағыз төңкеріс тудыратын жаңалық деп ойламаймыз. Бір қарағанда "Lopifit" велосипед пен жүгіретін жолдың (беговая дорожка) қосындысы болып қана көрінеді. Өндірушілердің айтуынша, "Lopifit" — жүгіретін жолдағы жаттығулардың барлық артықшылықтарын алумен қатар таза ауада жаттығуға керемет мүмкіндік сыйлайды.

 

Бұл электрлік велосипедке техникалық жағынан қарасақ, құрылғы "Quantum" электр қозғалтқышымен жасақталған. Соның көмегімен жүгіретін жолда жүру арқылы велосипед орнынан қозғалады. Осы әдіспен қарапайым велосипедке қарағанда 4 есе артық жылдамдықпен жүруге болады. Егер адам қандай да бір баурайдан төмен түсетін болса, автоматты түрде тежегіш және жантаю функциясы қосылып, қозғалтқыш толықтай сөніп қалады. "Lopifit" қорында 55 км жүріс, жүк қондырмасы, жарықдиодты шамы және батарея көрсеткіші бар. Ол 6 түрлі түсте сатылады.

Мына бейне роликтен "Lopifit" велосипеді туралы қысқаша ақпарат ала аласыздар.

 Мылқау адамдар "ақылды" гарнитурамен ойын жеткізе алады (фото+видео)

Статистика бойынша түрлі себептерге байланысты сөйлеу қабілетінен айырылған адамдар саны ондаған миллионды құрайды. Бұл өз ойын жеткізу қиынға соғатын нашар еститін адамдарды қоспағандағы есеп. 2013 жылғы санақ бойынша әлемде нашар еститін және мылқау мен сақау балалар саны 32 миллионды құраған. Олардың барлығы қоршаған ортамен ойын бөлісе алса, не болар еді?

Мылқау адамдар

"Smartstones" компаниясы осы арманды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтаманы құрумен айналысып жатыр. Жобаның негізі ретінде "Emotiv" өндірісінің гарнитурасы алынды. Ол адам миының толқындарын санап, содан соң оны смартфонға таратады. Ал смартфон ол толқындарды сөзге айналдырады. Гарнитура нақты үлгіні сақтап алады және оларды нақты сөздермен байланыстырады. Әрине, бұл гаджеттің көмегімен толық сөйлемдерді айту қиынға соғады, алайда адам маңызды сөздер тізбегін бірден айта алады. Ол үшін сол сөзге қатысты ойлар әрекетін еске түсірсе болды. Қазіргі кезде бұл гарнитура мылқау, сонымен қоса толық сал болған (парализованный) адамдарға белсенді түрде тәжірибеден өткізіліп жатыр. Зерттеушілер тобын алғашқы нәтижелер қуантты. Себебі, зерттеуге қатысушы гарнитура көмегімен өз ойын бірден жеткізе алды. Бұл құрылғының сатылымға қашан шығатыны және қанша тұратыны туралы әзірге айтылған жоқ.

Өзге тілді түсінуге мүмкіндік беретін құлақаспап (видео)

Фантастикалық фильмдерден әр әлемнің жандары әр түрлі тілде сөйлессе де керемет гаджеттер көмегімен бір-бірін түсініп жатқанын байқаймыз. Жаңа технологияның дамуымен бұл әрекет шынайы өмірде де іске асты. Оны "Waverly Labs" компаниясы жүзеге асырды. Бұл компания басқа мемлекеттен келген адамның тілін түсінуге мүмкіндік беретін құлақаспап прототипін жасады.

Жобаның негізін құрған Эндрю Очоа Франциядан келген қызбен кездейсоқ танысқан кезде осындай идея туған. Оның не айтып тұрғанының барлығын түсінсем ғой деп ойлаған. Келесі күні ол бірден шағын аудармашы құлақаспаппен жұмыс істеуді бастаған. Бұл гаджет смартфонмен байланысқан. Онда арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар. Әрине, жүйе мінсіз жұмыс істемейді, аударма кезінде қателер кетуі мүмкін. Сонымен қатар, бағдарламалық жасақтамаға аудио ақпаратты аударып, оны басқа тілде айтуға аздап уақыт керек. Сондықтан, дыбыс қалып отырады. Бірақ жоғарыда айтылғандай қателіктері болса да, басқа елдің адамымен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Эндрю өз өнертабысын ары қарай жетілдірумен шұғылданып жатыр. Оны краудфандинг порталға салып, өндіріске қаражат іздейді. 

0 пікір
Мұрағат