Сарбаздың жүйкесін зақымдап, сал қылып тастайтын химиялық қарудан қорғайтын тәсіл табылды
Сарбаздың жүйкесін зақымдап, сал қылып тастайтын химиялық қарудан қорғайтын тәсіл табылды
5 жыл бұрын 3634 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық әскери ғалымдар сарбаздарды жүйкесін зақымдап, сал қылып тастайтын химиялық қарудың зардапты әсеріне бірнеше айға төзімділікті қалыптастыратын гендік терапия саласында технология ойлап тапты. Бұл жайында Science ақпарат көзі хабар таратты. Адамның жүйкесін істен шығарып, сал қылып тастайтын химиялық қару зарин, зоман, циклозарин және табун секілді органофосфаттық заттардан тұрады. Олар бұлшық етті құрыстырып, тыныс алуды қиындататын, соңында кісі өліміне апарып соқтыратын - бұлшық еттегі ацетилхолин нейромедиаторының деңгейін реттейтін ферментті бұғаттап тастайды. Аталған химиялық қарудан уланған жағдайда ацетилхолинді рецепторды бұғаттайтын атропин мен диазепам дәрілерін дереу егу керек. Соның өзінде жүйке тіндерін зақымданудан толық аман алып қалу мүмкін емес – ізі қалып қояды. Ең тиімді емдеу тәсіліне органофосфатты қауіпсіз элементке айналдыратын параоксоназ 1 (PON1) ферментін қолдану жатқызылады. Алайда, ол үшін зардап шегушіге оны дереу егу керек. АҚШ әскерін химиялық қауіптен қорғайтын медициналық ғылыми-зерттеу институты мамандары улы заттың молекулаларын залалсыздандыратын PON1 ферментін істеп шығаруды ынталандыратын бауыр гені жасушасына зиянсыз аденоассоциировандық вирусты жеткізуге мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Осы бағытта жүргізілген тәжірибе нәтижесінен белгілі болғандай, аталмыш тәсілдің көмегімен гендік тұрғыдан модификацияланған кеміргіштер алты апта бойы өздеріне егілген аса қауіпті жүйкені істен шығарып сал қылып тастайтын қарудың он «шабуылына» төтеп берді. Олардың бойынан аталған тәсілдің кері әсері байқалмады.

0 пікір
Мұрағат