Қатерлі ісікке бастайтын күнә!
Қатерлі ісікке бастайтын күнә!
5 жыл бұрын 11514 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғұмырында он немесе одан да көп төсектес серігі болған, яғни, зинаға жиі баратын адамның бойында обыр дерті бас көтереді. Бұл жайында Лондон университет колледж мен Вена медициналық жоғарғы оқу орнының және өзге де зерттеу ұйымдарының халықаралық ғалымдар тобы мәлім етті. Бұл бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижесі BMJ Sexual & Reproductive Health мерзімді басылымында жарияланды. Адам денсаулығына төсектес серіктер санының әсері көп зерттеле қоймаған. Сол себепті, ғалымдар бұл олқылықтың орнын толтыру үшін аталмыш бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Олар зерттеу барысында 2002 жылы басталған британдық ELSA кәріліктің лонгитюдтің зерттеу нәтижелері мен мәліметтерін басшылыққа алған. Аталмыш зерттеу аясында жасы 50-ді еңсергендер (олардың саяси көзқарасы, еңбек нарығындағы белсенділігі, психологиялық жай-күйі, т.б.) туралы ақпараттар жиналды. 2012-2013 жылдар аралығында 5700-ден аса адамның төсектес серіктерінің саны туралы есеп алынды. Ғалымдар олардың жауабына қарай - 0-1, 2-4, 5-9 және 10 немесе одан да көп – топтарға бөлді. Сондай-ақ, респонденттердің денсаулығы, отбасы жағдайы, табыс деңгейі, өмір сүру салты, зиянды әдеттері, күйзеліске қаншалықты бой алдырғаны ескеріліп, баға берілді. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың орташа жасы 64-ті құрады, олардың 75%-ы дерлік некелі жары бар. Тәжірибеге қатысқан еркектердің 28,5%-ы 0-1 көңілдесі барын, 29%-да 2-4 көңілдесі барын мәлімдесе, әрбір бесінші еркектің (20%) 5-9 көңілдесі, 22%-ы он немесе одна да көп көңілдесі барын жасырмады. Ал бұл көрсеткіштер тәжірибеге қатысқан әйелдер арасында былайша көрініс тапты: 41% - 0-1, 35,5% - 2-4, 16% - 5-9, 8% - он немесе одан да көп. Әйелдер арасында бір көңілдесі барларға қарағанда 10 немесе одан да көп көңілдесі барлардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі 91%-дан асқан. Ал ерлер арасында 2-4 көңілдесі барлардың обыр дертіне ұшырау ықтималдылығы 57%-дан асса, он немесе одна да көп көңілдесі барлардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі 69%-дан кем соқпаған.

0 пікір
Мұрағат