«Өрмекші-адам жібегі» жасалды: ол «ұшу» кезінде қатып қалады және өз салмағынан 80 есе артық жүкті көтереді (видео)
«Өрмекші-адам жібегі» жасалды: ол «ұшу» кезінде қатып қалады және өз салмағынан 80 есе артық жүкті көтереді (видео)
2 ай бұрын 836 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сұйық жібек кез келген затқа немесе бұйымға жабысып, оларды көтеретін күшті талшыққа айналады. Тафтс университетінің ғалымдары сұйық материал ине көзінен шыққаннан кейін бірден жіпке айналатын, яғни, қататын, содан соң затқа жабысып, оны жоғары көтеретін «тор лақтыру» технологиясын ойлап тапты. Бірегей технология идеясы «Өрмекші адам» туралы фильмдерден алынған. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жабысқақ талшықтар жібек құртының пілләларынан (кокон) алынады, оларды ерітіндіде қайнатады және фиброиндер деп аталатын құрылыс блоктарына ыдыратады. Бұл ақуыздардың ерітіндісін өзегі тар инелер арқылы шашыратуға болады. Дегенмен, белгілі бір қоспалар арқылы ол ауаға тап болған кезде талшыққа айналады. Қажетті қоспалар кездейсоқ табылған. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқандардың бірі Марко Ло Прести: «Мен жібек фиброинді қолданып, өте күшті желімдер жасаумен айналыстым, шыны ыдыстарды ацетонмен тазалаған кезде, әйнектің түбінде өрмекшінің торы тәрізді материал пайда болғанын байқадым», - дейді. Жібек фиброин ерітінділері этанол немесе ацетон сияқты органикалық еріткіштерге әсер еткенде бірнеше сағат ішінде жартылай қатты гидрогел түзеді. Ғалымдар жібек фиброинінің ерітіндісіне дофамин қосты. Иненің көзі арқылы өткенде ерітіндінің жұқа ағыны ацетон қабатымен қоршалғандықтан ол қатая бастайды. Ацетон ауада буланып, талшықты кез келген затқа жабыстырады. Зерттеушілер ерітіндіні талшықтарды 200 есеге дейін созуға мүмкіндік беретін, яғни, төзімділік дарытатын хитозанмен және адгезияны шамамен 18 есе арттыратын борат буферімен нығайтты. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында зерттеушілер талшықтардың диаметрі адам шашының қалыңдығынан 0,5 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін екенін көрсетті. Бұл жағдайда талшықтар өз салмағынан 80 есе ауыр заттарды көтере алады.

 Видео: Marco Lo Presti et al., Advanced Functional Materials

Видео: Marco Lo Presti et al., Advanced Functional Materials

Видео: Marco Lo Presti et al., Advanced Functional Materials

0 пікір
Мұрағат