Организмнің қартаюына тосқауыл қоятын тәсіл табылды
|
Ғалымдар кәрілікке қарсы терапияда елең еткізер жаңалық ашты. Дәлірегі, организмнің қартаюына тосқауыл қоятын тәсілді тапты. Science Daily мерзімді басылымында жарияланған Аризона университеті ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеуі қартаюдың биологиялық процесін баяулатуға бағытталған. Организмді жасартудың кілті теломераз ферментіне әсер етуде жатыр, деп есептейді биологтер. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теломераз хромосомдарды тұрақтандырады – аталған фремент ДНҚ-ның қайталанатын тізбектілігін қосу арқылы теломердің ұзындығын қалпына келтіруге қауқарлы болып шықты. Осылайша теломераздың мөлшерін ұлғайту арқылы организмді жасартуға болады деп есептейді аризоналық ғалымдар. Аталмыш ғылыми жоба авторлары теломераздың каталитикалық циклін зерделеген болатын. Олардың пайымдауынша, аталған затты хромосом ұштарындағы ДНҚ айналуын арттыруға мәжбүрлесе, бұл өз кезегінде биологиялық қартаюды «кейінгі ысыруға» мүмкіндік береді. Мамандар ұдайы қадағалаудың нәтижесінде жасушаның бөлінуі кезінде теломерлі ДНҚ-ның сығылатынына көз жеткізген, ал бұл өз кезегінде жасушаның өсу уақытын қысқартып, ғұмырдың соңғы сәтін жақындататын болады. Жасушаның өсуін кеміту өз кезегінде организмнің қартаю жылдамдығына тікелей әсер етеді әрі ауруға бейім етеді. «ДНҚ-ның дұрыс қайталау жүйесінде тежеуші тетік бар, алайда, тежегішті босатудың тәсілін табу керек. Бұл жоғалған теломер ұзындығын қалпына келтіруге көмектеседі. Теломераздың мөлшерін ұлғайту қартаю жылдамдығын баяулатуға мүмкіндік береді»,- деді аталмыш жобаның етекші маманы, молекулярлы биология профессоры Джулиана Чен.