Организмді вирустан қорғауды күшейтудің жолы табылды
Организмді вирустан қорғауды күшейтудің жолы табылды
3 күн бұрын 775 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцария ғалымдары қауіпті вирустарға, оның ішінде тұмау мен COVID-19 жұқпалы індетеріне организмі төтеп бере алмайтын адамдардың иммундық жүйесін қорғауды қалпына келтірудің тың тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Experimental Medicine Цюрих мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш университетінің ұжымы жүргізген  зерттеу нәтижесі организмнің инфекциямен күресуіне кедергі келтіретін аутоантиденелерді қалай бейтараптандыруға немесе залалсыздандыруға болатынын көрсетеді. Егде жастағы адамдардың 2-4%-ға жуығында өз қанында өз интерферондарын, иммундық қорғанысты іске қосатын ақуыздарды бөгейтін аутоантиденелер болады. Осының кесірінен, тіпті, суықтан туындайтын вирустық инфекциялардың өзі оларға ауыр тиеді. Цюрих университетінің командасы осы қауіпті антиденелердің «назарын» басқа жаққа бұратын, яғни, антиденелердің нағыз интерферондарға араласуына кедергі келтіре алатын тұзақ молекулаларын жасады.  Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары Цюрих университеттік ауруханасына жатқызылған, КОВИД-19 жұқтырып, халі ауыр науқастардың биоматериалында жүргізілді. Алдымен ғалымдар интерферондардың қай аймақтарын аутоантиденелер «мойындайтынын» анықтап, кейін патологиялық реакцияны қауіпсіз жолмен бұғаттауға қабілетті осы «қолтаңба» бойынша синтетикалық молекулалар жасады. Зертхана қабырғасынгда жасушаларға қатысты жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, жаңа технология интерферондарға өздерінің қорғаныш функциясын қайтаруға мүмкіндік береді – иммундық жасушалар қайтадан вируспен тиімді күресе бастайды. Бұдан басқа, зерттеушілер қолдан жасалған молекулалар иммундық қорғаныстың қалған бөлігіне әсер етпей, қаннан зиянды аутоантиденелерді іріктеп алып тастай алатынын дәлелдеді. Ғалымдар бұл жаңалықты миллиондаған адамды вирустық инфекциялардың ауыр асқынуынан қорғайтын дербестендірілген терапияны дамыту жолындағы алғашқы, қадам деп атайды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4