Ойыңыздағыны сөзге айналдыратын имплант пайда болды
Ойыңыздағыны сөзге айналдыратын имплант пайда болды
3 күн бұрын 598 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ернін қимылдатпай немесе бір дыбыс шығармай ойша айтқан сөзін анықтай алатын ми имплантын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Human Behavior мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әзірге бірегей технология әлі зерттелу үстінде болғандықтан ойдағы сөзді толық сөйлеммен немесе тіркеспен бере алмайды, тек бірнеше сөздермен шектелген. Қолданыстағы ми-компьютер құрылғылары кем дегенде жартылай айтылған немесе имитациялау жолымен  ойды сөйлемге айналдыруға талпынады. Жаңа зерттеу - адамның ішінде толығымен айтылатын сөздерді нақты уақыт режимінде мидағы жекелеген нейрондардың сигналдарын жазу арқылы ашып көрсетілетін алғашқы зерттеу ретінде алға шығады. Женева университетінің Силвия Марчесотти есімді нейроинженері бұл тараптағы зерттеуді ойыңыздағыны ашып көрсету технологиясындағы алдыңғы қатарлы зерттеуге жатқызып отыр. Ғалымдар бұл тарапта жұлын жарақатын алған екі адамның миына электродтардың шоғырын қондырды. Олар аппараттарды ойды оқу бойынша бұрын зерттелмеген ми аймағына орналастырды. Мидың бұл бөлігі ойша сөйлеу кезінде белсенділік танытады және сөздердің ырғағын анықтау сияқты функцияларға жауап береді. Ғалымдар тәжірибе барысында интерфейске алты сөзді (ұрыс алаңы, ковбой, питекантроп, қасық, жүзу, телефон) және екі мағынасыз, жалған сөзді (нифциг пен биндип) үйретті. Үш күн бойы тәжірибенің әр қатысушысынан экранда көрсетілген сөздердің әрқайсысын бірнеше рет қалай айтылатынын ойша елестетіп көруін сұрады. Тәжірибеге қатысушылардың біреуі үшін интерфейс барлық сөздер үшін жекелеген нейрондық сигналдарды таңдап алып, оларды 79% дәлдікпен анықтай алды. Алайда, екінші адамның ойындағысын ашып көрсету дәлдігі бар болғаны 23%-дан аспады. Бұл әдіс адамның ішкі ойын өңдеу жолдарын түсіндіріп бере алмады. Сондай-ақ, ғалымдар іштей сөйлеу кезінде белсенділік танытқан нейрондардың 82-85%-ның адамдар ойындағысын ауызбен айтқан кезде де белсенділік танытатынын анықтады. Десе де кейбір нейрондар сөзі іштей жұптау (ойлау) кезінде ғана белсенді болды немесе түрлі тапсырмалардағы жекелеген сөздерге түрліше реакция танытқан. Сондай-ақ, зерттеушілер мидың фонетикалық (дыбыс бойынша) немесе семантикалық (мағынасы бойынша) сөзді  іштей қалай қалыптастыратынын (жұптайтынын) анықтай алмады.

0 пікір
Мұрағат