Нейрологиядағы төңкеріс: ғалымдар тербелістердің дыбысқа айналу тетігін ашты
|
Орегон штатының денсаулық ғылымдары университетінің (АҚШ) ғалымдары тербелістерді адам миы дыбыс ретінде қабылдайтын электрлік сигналдарға түрлендірудің іргелі процесін ашты. Бұл жайында islam.kz порталы news.ohsu.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы заманғы озық технология көмегімен ең күрделі мәселе зерттеле бастады. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар адамның құлағындағы механикосенсорлық сигнализацияның архитектурасын (құрыылымын немесе тетігін) енд түсінді. Тербелістердің электрлік импульстарға айналуы молекулалық деңгейде жүреді, оған күрделі ақуыз кешені жауап береді. Ақуыздардың жаңаруы ДНҚ құрылымымен байланысты болғандықтан бұл процесс сәтсіздіктерге және мутацияларға ұшырайды. Ғалымдар бұрын есту қабілетінің бұзылуының бірқатары генетикалық себептерге байланысты екенін білсе, қазір олар қандай ақуыздар мен гендердің қандай функцияларға жауап беретінін әлдеқайда терең түсінді. Осыған байланысты бұл саладағы олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға ықпал етудің нақты мүмкіндігі пайда болды. Бұл тетіктің архитектурасын құру үшін Caenorhabditis elegans дөңгелек құртының геномын бес жыл зерттеу қажет болды, өйткені, ол бірқатар параметрлері бойынша адамға ұқсас. Ғалымдар бұл бағытта криоэлектронды микроскопияның жаңа технологиясын қолдана отырып, 60 миллион құртты зерттеген болатын. Ол тіндерге енуге және ақуыз құрылымдарының 3D модельдерін құру үшін деректерді жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ашылған жаңалық неврология үшін үлкен жетістікке айналды.