Наноөлшемді имплант сал болып қалған аяқ-қолдың қимылын қалпына келтіреді
Наноөлшемді имплант сал болып қалған аяқ-қолдың қимылын қалпына келтіреді
1 жыл бұрын 1214 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Dingchang Lin et al., Nano Letters

Жонс Хопкинс университетінің ғалымдары сал ауруына шалдыққан науқастардың төменгі аяқтарының қызметін қалпына келтіруге көмектесетін жұлын стимуляторын ойлап тапты. Кішкентай құрылғы шприц арқылы омыртқаға инвазивті емес жолмен енгізіледі, яғни, имплантацияланады. Тышқандарға жүргізілген клиникаға дейінгі сынақтар құрылғының тиімділігін растады.  Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Омыртқа жарақаты мидан дененің төменгі бөліктеріне келетін сигналдар ағынын үзіп, когнитивті қабілетті төмендетеді және жарақаттың ауыр түрінде аяқты толық жансыздандырып тастайды. Бүгінде кездесетін омыртқа стимуляторлары хирургиялық жолмен, яғни, ота жасау арқылы омыртқаға орнатылатын импланттың кемшілігі сонда – көлемінің үлкендігінде әрі ота жасауды қажет ететіндігінде. Кәдімгі жұлын стимуляторлары жұлынның беткі жағына немесе тікелей жұлын тініне имплантацияланады. Біріншісінде - импланттың маңызды жүйке талшықтарына дәл әсер ету мүмкіндігі шектеулі, ал екіншісінде операция кезінде тіннің зақымдалады әрі имплантты организм жатырқауы мүмкін, яғни, имплант организммен биологиялық тұрғыдан үйлеспей жайсыздық тудыруы мүмкін. Зерттеушілер бұл жолғы ізденісінде қимылға жауапты жүйке талшықтарын ынталандырудың жаңа орнын - жұлын арнасының вентролатералды беткі жағын анықтады. Ол қимыл-қозғалысқа келтіретін нейрондарға жақын орналасқан және имплантантты қажетті нүктеге енгізу үшін ота жасауды қажет етпейді. Ғалымдар шприц арқылы денеге енгізілетін, жұлынның аталған аймақтарын нысанаға алатын титтей, икемді және созылатын құрылғыны ойлап тапты. Ғалымдар бұл құрылғы болашақта жұлын жарақатынан немесе неврологиялық аурулардан сал болып қалған науқастардың қимылдауына, қозғалуына көмектесетінін алға тартып отыр. Бұл бағыттағы клиникалық сынақтар сәтті өтсе, мұндай имплант арзанға түсетіндіктен науқастар үшін қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болмақ.

0 пікір
Мұрағат