Ми нейрондарын белсендіретін наноэлектродтар әзірленді
Ми нейрондарын белсендіретін наноэлектродтар әзірленді
2 жыл бұрын 973 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар миды жоғары дәлдікпен ынталандыратын, инвазитілігі мейлінше аз (яғни, қандай да бір затты бұзылмаған тін арқылы организмге енгізу әдісі – ред.) титтей электрод әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Райс университетінің инженерлері миды электрмен ынталандыруға арналған, организмді жатырқамайтын, яғни, биологиялық тұрғыдан үйлесімді, имплантталатын құрылғы ойлап тапқан. Ол нейрон белсенділігін оятуға арналған. Атаалмыш ттехнология қимыл-қозғалысында ауытқу пайда болған науқстарды емдеу тәсілдерін жетілдіреді. Мейлінше икемді және арнайы субстратқа салынған қалыңдығы шамамен 1 мкм болатын жұқа наноэлектронды жіптерден тұратын импланттың әрбіреуінде мидың белсенділігін және электрлік ынталандыруды жазуға арналған 32 контакт бар. Ынталандыру үшін қолданылатын дәстүрлі электродтардан айырмашылығы - құрылғы төменгі токтармен жұмыс істейді және дәлірек әрекет ете алады. Ғалымдар құрылғыны зертханалық тышқандарда сынақтан өткізді. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижеі көрсеткендей, имплантацияланатын құрылғы электрлік ынталандыруды болдырмайтын тыртық тінінің дамуын азайтады. Бұл ретте нейрондарға әсер ету үшін ұзақтығы бірнеше жүз микросекундқа созылатын ұсақ импулстар жеткілікті, ал ток күші 1-2 мкА құрайды. Инженерлер атап өткендей, электродтың жаңа құрылымы мейлінше дәл әсер ететін соққы беруге мүмкіндік бермек. Нейрондардың әрбіреуі өз баптауына (настройка) ие болуы әрі белгілі бір үлгілер бойынша өз әрекетін үйлестіруі тиіс. Қолда бұрыннан бар, яғни, қолданылып жүрген импланттардың көбісі ауқымды аймаққа бір мезгілде әсерін тигізетіндіктен, бұл оның негізгі қызметінің тиімділігін төмендетеді. Бейнелеп айтқанда, жайылып аққан судың діттеген жеріне жетуі қиын. Ғалымдар бұл технологияны кейбір неврологиялық ауруларды – эпилепсияны, ОКБ немесе Паркинсон ауруын емдеу үшін тиімдірек балама ретінде қолдануға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, келешекте наноэлектродтар желісін пайдалана отырып, сенсорлық немесе қимыл-қозғалысында ақауы бар адамдар үшін «протез» жасауға болады.

Айнымалы токпен миды ынталандыру әдісі жады қызметін жақсартты

Массачусеттегі Бостон университетінің ғалымдары айнымалы токты транскраниалды (транскраниалды магнитті ынталандыру (TCMS, TMS) -диагностиканың, емдеудің және оңалтудың соңғы әрі тиімді әдісі. TKMS - инвазивті емес әдіс, яғни, тікелей физикалық байланыссыз, қысқа магниттік импулстармен ми қыртысын ынталандыру әдісі) жолмен ынталандыру (tASC) әдісімен зейін, жады (ұзақ уақыт есте сақтау), жаңа ақпаратты өңдеу сияқты когнитивтік функцияларды жақсартуға болатынын тәжірибе арқылы нақты іс жүзінде көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибеге дені сау және депрессия (күйзеліс) дертіне шалдыққан немесе Паркинсон ауруынан зардап шегетін нейропсихиатриялық ауытқуға ұшыраған 2893 адамдарға tACS қолданылып, нәтижесіне терең талдау жасады. Бұл әдістердің тиімділігі бастапқыда хабарланғанымен басқа зерттеулердің нәтижелері сәйкес келмеді немесе қайталанбады. tACS әдісінің 100-ден астам зерттеулерінің мета-талдауы оның кем дегенде қысқа мерзімде ақыл-ой жұмысының айтарлықтай жақсаруына әкелетінін растады. Танымға әсері емдеу кезінде емес, емдеу аяқталғаннан кейін тиімділік танытқан және жоғары қарқынмен ынталандырудың әрдайым тиімді бола бермейтіні анықталды. Оның үстіне, аталмыш әдістің тиімділігі ми генерациялайтын электр өрісі стимуляциясының үлгісіне сәйкес бастағы жлектродтардың орналасу орнына қарай әрқалай болып келетіні белгілі болды. Мидың бірнеше аймағына бір мезгілде ынталандыру бағытталған зерттеулерде мидың екі аймағындағы айнымалы токтың салыстырмалы фазасына сәйкес когнитивті функция жақсарғанын немесе нашарлағанын айта кету керек: тиісті фазадағы немесе фазадан тыс жерде. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) қандай да бір ауруды емдеу үшін tACS немесе tDCS әдісін мақұлдамай отыр, соған қарамастан Еуропадағы, Бразилиядағы, Қытайдағы, Австралиядағы және Мексикадағы тиісті мекемелер кейбір жағдайларда (мәселен, күйзелісті) tDCS тәсілін емдік шара ретінде қолдануға рұқсат беріп отыр.

 

 

0 пікір
Мұрағат