Мәңгілік химиялық заттар жарық әсерінен бір түнде ыдырайды
Мәңгілік химиялық заттар жарық әсерінен бір түнде ыдырайды
5 ай бұрын 1025 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Өңдеу технологиясы. Кескін: Arima et al

Бірегей технология бөлме температурасында жұмыс істейді және компоненттерді қайта пайдалану үшін қалпына келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Жапониядағы Рицумейкан университетінің химиктері «мәңгілік» химиялық заттарды тез ыдырататын жаңа әдіс ойлап тапты. Технология бөлме температурасында жұмыс істейді. Фторланған беттік белсенді заттардың (FPAS) кейбір түрлерінің толық ыдырау үшін бір түн жеткілікті болды, ал кейбір пайдалы компоненттер қайта пайдалану үшін қалпына келтірілді. FPAS немесе «мәңгілік» химиялық заттар -  тұрақтылығы жоғары және су мен жылуға төзімділігі бар, кеңінен қолданылатын заттар тобы. Бұл химиялық заттардың тұрақтылығының құпиясы көміртегі-фтор байланысында жатыр. Бұл байланыстың беріктігі соншалықты, тұрмыстық бұйымдардың көбісінде пайдаланылады: тағам күйсе де ыдысқа жыбыстырмайтын, су өткізбейтін жабында, киім-кешекке дейін түрлі салада қолданылады. Екінші жағынан, дәл сол беріктігіне байланысты оларды қайта өңдеу өте қиын. Жапон химиктері кадмий сульфидінің (CdS) жартылай өткізгіш нанокристалдарын пайдаланды, олардың кейбіреулеріне мыс қосылған. Бұл бөлшектер FPAS белсенді заттарен бірге триэтаноламиннің сулы ерітіндісіне орналастырылды. Толқын ұзындығы 405 нм болатын жарықдиодты жарықтың әсерінен нанокристалдар қозып, FPAS молекулаларын тартты. Сонымен бірге ерітіндіде электрондар түзіліп, қозғалысқа түсті, олар молекулалардан фтор иондарын бөліп алып тастады да фтор мен көміртегі арасындағы берік байланысты бұзды. Бұл бағыттағы сынақтар мен тәжірибе барысында күншығыс елінің ғалымдары тың тәсілді қолдана отырып, сегіз сағат ішінде перфтороктансульфонатты 100% ыдыратты. Тағы бір FPAS – Nafion-ның деңгейін 24 сағат ішінде 81%-ға төмендеді. Айрықша әдіс тек 38°C ерітінді температурасында жұмыс істейді. Бұл әдетте талап етілетін стандартты 400°C температурадан көп төмен. Бұл тәсіл, сонымен қатар, фторид иондарын қалпына келтіріп, оларды басқа өнеркәсіптік мақсаттарда қайта пайдалануға мүмкіндік берді

 

0 пікір
Мұрағат