Короновирустың Омикрон-штаммы жасанды штамм екені айтылуда
Короновирустың Омикрон-штаммы жасанды штамм екені айтылуда
3 жыл бұрын 1668 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемді шарпыған жұқпалы індеттің пандемия басталғалы бері түрлі штамдары (қоздырғыштары – ред.) пайда болды. Үнді жерінде пайда болған Дельта штамынан кейін қауіпті саналатын Омикром штамы Африка құрлығында пайда болды. Десе де оның қолдан жасалғаны туралы пікірлер мамандар аузымен айтылып қалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Ресей радиосына» осындай мәлімдеме жасаған Ресей ғылым академиясының мүше-корреспонденті, Ресей ғылым академиясының молекулярлы биология институтының бас ғылыми қызметкері Петр Чумаковқа жөн сілтеген бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вирусологтың айтуынша, короновирустың жаңа штамы арнайы жасалған. Яғни, пандемияны тоқтату үшін әдейі жасалған: Оңтүстік Африкада пайда болған бұл штамнан өзге штамдарға тән мутация жиынтығы кездеседі. Бұдан бөлек, онда «үш амин қышқылы қойылған». Ғалымның сөзіне қарағанда, мұндай детал табиғи жолмен өрбитін штамда пайда болуы мүмкін емес. Ғалым мұны «ағылшындардан» көріп отыр. Омикрон штамы да Дельта штамы секілді жұқпалы қатері жоғары қоздырғыш – кем дегенде үш адамнан аса кісіне жұғады. Ал өзге вируологтардың айтуынша, Омикрон штамының көптеген қауіпті жағы бар: Қытайдағы азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі ұлттық институтытың аға ғылыми қызметкері Иушұн Уан Омикрон штамының иммунитеттен айналып өтетін, яғни, иммунитетке бой бермейтін – адам организімінің табиғи қорғаныс қабілетін бұза алатын ерекшелегін тілге тиек еткен екен. Бұл жайында Emerging Microbes & Infection ақпарат көзі келтірген. Ал Гонконг университетінің ғалымдары Омикрон штамының Делта штамға қарағанда адам бронхысында шамамен 70 есе тез көбейе алатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Guardian ақпарат көзі мәлім етіп отыр. Бұл оның жұғу қатерін арттырады. Бұдан бөлек, Омикрон штамы өкпеде 10 есе баяу көбейеді, бұл жайт аурудың ауыр өтуіне түрткі болмақ.

0 пікір
Мұрағат