Көмірқышқыл газынан цемент өндіретін бактерия пайда болды
Көмірқышқыл газынан цемент өндіретін бактерия пайда болды
2 жыл бұрын 1352 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Technical University of Denmark

Бұл тараптағы технология маржанның (коралл) түзілуін имитациялайды. Бұл жайында islam.kz порталы dtu.dk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Данияның техникалық университетінің биоинженерлері құрылыс индустриясында атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін қалай азайтуға болатынын анықтады. Генетикалық тұрғыдан түрлендірілген (модификацияланған) бактериялар көмірқышқыл газын аулап, цементтің негізгі элементтерінің бірі - калция карбонатын жасау үшін пайдаланады. Оны өндіру үшін зерттеушілер маржан полиптерінің гендерін пайдаланды. Бұл организм су астында ғимараттан кем түспейтін құрылымдар түзеді - маржан рифтері - құрамы бойынша цементке ұқсайтын әкті құрылымдар. Биоинженерлер осы тірі ағзалардың гендерін бактерияларға тасымалдады. Өзгертілген микроорганизмдер көмірқышқыл газын кальций карбонатына (әктас) байланыстыратын фермент істеп шығарады. Өндіріс процесінде цементті қыздырған кезде жоғары температура көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі. Тек 2021 жылдың өзінде, зерттеу авторларының келтірген дерегіне қарағанда, осы құрылыс материалын өндіру кезінде атмосфераға шамамен 2,9 миллиард тонна көмірқышқыл газы бөлінген. Бұл көрсеткіш атмосфераға жалпы бөлінетін зиянды қалдықтардың шамамен 7% құрайды. Бұл бағыттағы тың технологияның негізгі идеясы - жабық циклді (қоршаған ортаға залалы жоқ тұйық) өндірісті құру. Инженерлер қыздырылған кезде бөлінетін көмірқышқыл газын аулап, оны әктасқа айналдыратын биореакторды пайдалануды ұсынады. Дайын материалды цемент өндіру үшін қайта пайдалануға болады. Әзірге зерттеушілер өз технологиясын тек зертханада сынап көрумен шектеліп отыр. Аталмыш технологияны өнеркәсіптік ауқымда қолдану үшін бактерияға төзімділікті арттыруды және цемент өндірісін өзгертуді талап етеді. Биоинженерлердің айтуынша, технология биореакторға ерекше талаптар қояды. Модификацияланған бактериялар, мәселен, маржандар сұйық ортада жұмыс істейді, ал дайын материал қатты болады. Сондықтан реакторды жобалау кезінде биореактордан дайын калция карбонатын оңай тасымалдау әдісін табу керек.

0 пікір
Мұрағат