Көмірқышқыл газы қосылған бетон 3D-принтерлік әдіспен басып шығарылды (видео)
Көмірқышқыл газы қосылған бетон 3D-принтерлік әдіспен басып шығарылды (видео)
4 сағат бұрын 69 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Құрылыс саласаның қоршаған ортаны ластаудағы үлесі мал шаруашылығынан да асып түседі. Бұл жайында islam.kz порталы Carbon Capture Science & Technology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоршаған ортаны ластаудағы құрылыс саласының үлесі былайша жіктеледі: атмосфералық ластанудың 23%-ын, ауыз судың 40%-ын және полигонға кететін қалдықтардың 50%-ын құрайды. Бұл бағытта ғалымдар 3D-басып шығару тәсілін қолдана отырып, экологиялық жағынан зиянсыз - CO2-ні пайдалануды ұйғаратын, осылайша қоршаған ортаны ластаудағы құрылыс саласының үлесін азайтуға ықпал ететін әрі бетонды берік ететін әдісті ойлап тапты. Сингапурегі Наниан технологиялық университетінің ғалымдары атмосферадағы көмірқышқыл газын аулап, бетон құрылымына қосатын (материалдың беріктігін арттыратын) өзгеше технология ойлап тапты. Мұндай бетон үшін арнайы қондырғы қолданылады: 3D-принтерлік процесте бу мен CO₂ бетон қоспасына айдалады. Көмірқышқыл газы қоспаның компоненттерімен әрекеттесіп, құрылым ішінде «құлыпталып» қалатын қатты материалға айналады. Бу материалдың қасиеттерін жақсарту арқылы осы процеске көмектеседі. Әдеттегі бетонда тығыздау беріктігі кәдімгі құрылыс бетоны үшін 20-дан 40 МПа-ға (мегапаскал) дейін өзгеріп немесе ауытқып отырады. 1 МПа - шамамен 1 шаршы метр алаңға бөлінген 10 тонна массамен жасалатын қысым. Ал 3D блоктардың беріктігі 10-30 МПа-ға жетеді. Жаңа CO₂ бетоны 38%-ға артық салмақты ұстай алады, флексуралды (сынғанға дейінгі икемділігі, дәлірегі, иілгіштігі) көрсеткіші 45%-ға артық және әдеттегі 3D-полиграфия әдісіне қарағанда CO₂ -ын 38%-ға артық аулайды. Осы орайда құрылыс саласының ішіндегі бетон құю процесінде күллі әлем бойынша атмосфераға 8% (барлық ластаушы салалармен салыстырғанда) көмірқышқыл газын бөледі. Бұл технология климат дағдарысы тереңдеген қазіргі жағдайда көп көмегін тигізе алады. Паттенттелген аталмыш технологияның қолданылу аясы кеңейіп келеді.

Сингапурские ученые разработали 3D-печать бетона с захватом углекислого газа

Members of the research team from the NTU School of Mechanical and Aerospace Engineering (MAE), and NTU’s Singapore Centre for 3D Printing (SC3DP), include (L-R) Dr Suvash Paul, Senior Research Fellow; Dr Daniel Tay, Research Fellow; Lim Sean Gip, PhD candidate; Prof Tan Ming Jen, Principal Investigator; Dr Lee Junghyun, Research Fellow.

0 пікір
Мұрағат