Кәріліктің тағы бір маркері белгілі болды
Кәріліктің тағы бір маркері белгілі болды
4 жыл бұрын 3247 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сент-Луистегі Вашингтон университетінің доценті Максим Артемовтың жетекшілік етуімен ресейлік және шетелдік ғалымдар тобы кейбір иммундық жасушалардың ДНҚ қабықшасының құрылымындағы бұрын белгісіз болып келген жасқа байланысты өзгерістер жиынтығын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар осылайша кәріліктің тағы бір маркерін анықтады (осы тұста кәрілікті анықтайтын екі маркер турасында айта кетпекпіз: жалпы ұйқы артериясындағы тамыр қабырғасының қалыңдығы және жасушадағы «энергетикалық бекеттің» рөлін атқаратын митохондрия қызметі): организм қартайған сайын ие болатын иммундық жасушаның ең кеңінен тараған түрі – моноциттердің қызметі мен тәртібі қалай өзгеретінін зерделеді. Бұл бағыттағы зерттеуге қатысты тәжірибеге 27-64 жас аралығындағы ер адамдар өз еркімен қатысты. Ғалымдар олардың қанынан моноциттерді алып, аталған жасушаларды жан-жақты зерттеп көрген еді. Олардың арасындағы айырмашылықты талдай отырып,  ферменттер мен өзге де маңызды биомолекулалардың концентрациясындағы өзгерістерді бақылап қана қоймай, сонымен қатар, биологтер эпигенетикалық белгілердің саны мен орналасуын да қадағалаған болатын. Жалғысан тапқан зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ДНҚ-ның осынау аймағындағы эпигенетикалық құрылымда болған өзгерістердің барлығы екі ферментпен (MBD2 және MBD3) байланысты орын алғанын анықтады. Осы уақытқа дейін оларды организмнің қартаю процесімен байланыстырып қарастырмаған еді. Ғалымдар аталмыш зерттеуде ендігі жерде аталған ферменттерді зерделей отырып, олардың ДНҚ-ның неге кей аймақтарына ғана белгі салып, өзгеріс енгізетінін анықтауға тырысады. Мұның сыры ашылса, күллі иммундық жүйе мен тұтас организмнің қызметіне қалай әсер етенінін ұғуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат