Жасанды жарықта ұйықтаудың тағы бір қатері белгілі болды
Жасанды жарықта ұйықтаудың тағы бір қатері белгілі болды
2 жыл бұрын 1685 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта 500-ден аса адамға жүргізілген тәжірибе нәтижесінен белгілі болғандай, жасанды жарықта ұйықтаған адамға семіздік, гипертония және сусамыр секілді қиын дерттер үйір болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Sleep мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Чикагодағы Солтүстік-Батыс университетінің Фейнберг Медицина мектебінің бірнеше орталықтары мен институттары ғалымдарының бұл тараптағы зерттеуі кезінде жасанды жарықтың денсаулыққа теріс әсер ететінін, атап айтқанда, зат алмасу процесін бұзу (метаболилік ауытқу) қатерін арттыратынын анықтады. Түнгі мезгілдегі жасанды жарық мелатонин деңгейін төмендетуі мүмкін. Бұл жайт өз кезегінде эпифиздің осы негізгі гормонының өндірісіне және барлық тірі организмдердегі тәуліктік ырғақтың реттелуіне кедергі келтіріп, көптеген ауруларға ұрындыруы ықтимал, соның ішінде, қатерлі ісік, жүрек-қан тамыр аурулары секілді дертке шалдықтырып, ұрпақ өрбіту қабелітіне теріс әсерін тигізеді. Тіпті, адам жасанды жарық астында ұйықтамай, жай демалып жатқан күннің өзінде организмнің реакциясына жауапты вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін белсендіреді. Ұйқы кезінде дене парасимпатикалық күйге түседі, жүрек соғу жиілігі мен тыныс алуы баяулайды. Яғни, вегетативті жүйке жүйесіне ұйқы мен сергектіктің тұрақты циклі тән, ал түнгі жарық бұл циклге кері ықпал етеді.

(ықшамдалып алынды – ред.)

 
Спать при свете

Ұқсас материал:

«Жарықта ұйықтаудың қатері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqta-uiyqtaudyn-qateri-aityldy-16412/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат