Жасанды ақуыздан жасалған бұлшық ет санаулы секунд ішінде өздігінен қалпына келеді (видео)
Жасанды ақуыздан жасалған бұлшық ет санаулы секунд ішінде өздігінен қалпына келеді (видео)
4 жыл бұрын 2567 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар табиғатта жоқ ақуыздан өзгеше материал жасай алды. Одан роботтарға «бұлшық ет» пен «тері» әзірлейді. Ең ғажабы – зақымдалған жағдайда санаулы секунд ішінде өздігінен қалпына келеді. Бұл жайындағы ғылыми мақала Nature Materials мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдардың көбісі роботтар үшін жұмсақ «тері» мен «бұлшық ет» жасау жолында ізденіп келеді. Алайда, осы уақытқа дейін жасалған мұндай материалдар тез тозып, іске алғысыз болып қалады. Мәселен, «бұлшық ет» жиі жиырылып, жазылғанда, ал «тері» қатты заттармен жанасқанда ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір зақымдалады. Ал тірі тін ұдайы түлеп, жаңғыратындықтан мұндай қолайсыздыққа ұшырамайды. Ал роботтар үшін мұндай регенерациялық қабілетті қалай дарытуға болады? Америкалық әне неміс ғалымдары бұл бағытта талмай ізденіп, тірі табиғаттың өзінен жауабын тапты. Олар кальмар тісінің ақуызын пайдаланды өздерінің зерттеуінде. Кальмар тісі ақуызының қалпына келу қабілеті жоғары. Соның негізінде табиғатта кездеспейтін жасанды ақуызды жасап шығарды. Оларды жасау үшін бактерия ДНК-сына жасанды ген енгізілді. Алынған материал айтарлықтай мықты болып шықты. Титтей зақым келсе, жарақаттанған жерін жылытып, санаулы секунд ішінде жазып алуға болады. Тірі тіннен де, жасанды тіннен де басты артықшылығы – санаулы секунд ішінде қалпына келетіндігі болып отыр. Ал тірі тінге де, жасанды тінге де жарақаты жазылуы үшін кем дегенде бірнеше сағат немесе күндер кетеді. Макс Планк атындағы қоғамдастыққа қарайтын интеллектуалды үйе институтының зерттеушісі Абдон Пена-Франчес (Abdon Pena-Francesch) аталған ақпарат көзінде жариялаған мақаласында осылай деп отыр. Бұдан бөлек, бұл материалдың тағы бір артықшылығы бар, ол – экологиялық тиімділігінде жатыр: жасанды болғанына қарамастан биологиялық тұрғыдан ыдырайды. Қоршаған ортаға тап болған жағдайда одан қауіптенудің қажеті болмайды.

 

0 пікір
Мұрағат