Жарықшақ пайда болғанда бактериялар көмегімен қалпына келетін бетон жасалды
Жарықшақ пайда болғанда бактериялар көмегімен қалпына келетін бетон жасалды
1 жыл бұрын 1165 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дрексел университетінің ғалымдары пайда болған жарықтарды бітеу үшін бактериялар пайдаланылатын, «биоталшықтары» бар бетон жасады. Бұл жаңалық өз кезегінде құрылысқа техникалық қызмет көрсету талаптарын (яғни, бетонды бітеу талабын) және бетон өндірісінен атмосфераға бөлінетін көміртегі мқлшерін азайтуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы ciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тараптар жарықшық қуысына жөндеуге қажетті, яғни, сызат пайда болған жерді қалпына келтіруші компоненттерді жеткізу үшін BioFiber полимер талшықтарын пайдаланады. Талшықтар аптап ыстық, суық, сыртқы қысым, т.б. секілді төтенше жағдайларға төтеп бере алатын, содан кейін қолайлы сәтте жанданатын эндоспораларды, яғни, «бактериялардың ұйықтап» жатқан формаларын қамтитын гидрогел қабатымен қапталған. Гидрогел қабаты өз кезегінде зақымдануға сезімтал жұқа полимерлі қабықпен жабылған. Су BioFiber-ге тигенде, гидрогел кеңейіп, қабықтан  бетіне шығады. Бұл кезде ұйықтап жатқан бактериялар оянып, айналадағы бетоннан көміртегі мен кальциді сіңіре бастайды. Нәтижесінде кальций карбонаты, яғни,  жарықшақты толтыратын және «бітейтін» цементті материал түзіледі. BioFiber жарықшақты ары кетсе екі күндде бітейді. Бұрын микробтарды ұзақ уақытқа тірідей сақтау қиындық тудыратын. Бұл жолы қорғаныс полимер қабықшасының астындағы гидрогелге енгізілген тыныш эндоспоралар бұл қиындықты еңсеруге көмектескен. Бетон құрылыста кеңінен пайдаланылатын материал болғанымен сыртқы түрлі факторлардан (аптап ыстық, жел, ылғал, аяз, т.б.) уақыт өте келе тозып, жарықшақ пайда болады.

Ұқсас материал:

«Жарықшақтанған жері өздігінен қалпына келетін бетон жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaqtangan-jeri-ozdiginen-qalpyna-keletin-beton-jasaldy-video-15376/#gsc.tab=0);

«Жеңіл бетон құйылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jenil-beton-quiyldy-18534/#gsc.tab=0);

«Жарықшақ түскен керамиканың шытынаған жері өзі бітеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaq-tusken-keramikanyn-shytynagan-jeri-ozi-bitedi-video-15741/#gsc.tab=0);

«ДНҚ мен шыныдан болатқа қарағанда төрт есе берік материал жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-men-shynydan-bolatqa-qaraganda-tort-ese-berik-material-jasaldy-18958/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат