Жапонияда өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының «будандастырылды»
Жапонияда өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының «будандастырылды»
3 сағат бұрын 57 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұндай технология не үшін керек? Жапон ғалымдарының айтуынша, мұндай технология жасанды ағзаларды өсіру үшін керек. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the Japan Academy, Series B мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио университетінің зерттеушілері қызыл балдыр хлоропласттарын атжалман жасушаларына енгізді. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жануар жасушалары өсімдік құрылымдарын кіріктіріп, фотосинтез арқылы энергия өндіре бастайды. Ғалымдар имплантацияланған хлоропласттар кем дегенде екі күн функционалды қызметін тоқтатпайтынын анықтады. Бұдан басқа, гибридті жасушалар тез өсетінін және бұрын жануарлар жасушаларына тән емес қабілетке ие екенін, яғни, фотосинтетикалық электронды тасымалдау қабілетіне ие болатынын көрсетіп берді. Зерттеушілер бұл бағытта атжалман жасушаларын оқшауланған хлоропласттармен бірге өсірді. Ғалымдар хлоропласттардың жануар жасушаларымен қаншалықты кіріккенін және қаншалықты жұмыс істейтінін тексеру үшін лазерлік жарық пен фторметрияны пайдаланды. Зерттеушілер гибридті жасушалардың көмегімен гипоксиямен байланысты шектеулерді еңсеру арқылы зертханада тіндер мен ағзаларды өсіруге болатынын алға тартып отыр. Бірегей технология жасанды ағзалар мен теріні алуға, сондай-ақ, зертханада жасанды еттің өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді. Жасанды ет өсіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға болады, екіншіден, донорлық ағзаларға зәрулікті төмендетуге болады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Сашихиро Мацунага есімді ғалымның айтуынша, хлоропласттарға қондырылған (имплантациялынған) жасушаларды араластыру арқылы жасушаларға оттегіні фотосинтез арқылы, жарық сәулесі арқылы беруге болады.

Люминесценттік суретте атжалман жасушаларына ойдағыдай кіріктірілген хлоропласттар (түрлі-түсті күлгін түс) көрсетілген. Сурет: R. Aoki et al., Proceedings of the Japan Academy, Series B

0 пікір
Мұрағат