Жаңа технология батареядағы литиді арзан темірмен алмастыруға мүмкіндік береді
Жаңа технология батареядағы литиді арзан темірмен алмастыруға мүмкіндік береді
5 жыл бұрын 2950 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мадрастағы үнді технологиялық институтының ғалымдары адамзатқа ұшан теңіз пайдасы бар жаңалық ашуға қол жеткізді. Үнді ғалымдары темір ионды батареяның жаңа түрін жасап шығарды. Түпкі мәні жағынан ол бүгінде кеңінен қолданылып жүрген литий иондыдан тек өзге анодымен ғана айрықшаланады. Яғни, батарея литидің орнына темір оксидінен (тотығынан) жасалды. Литилік батареядан бір жағынан ғана артық. Бұл артықшылығының айрықша маңызы бар – литий өндірісі ғаламдық антропогендік апатқа ұрындырады. Литий өндірісі қоршаған ортаға орны толуы қиын залал келтіреді: литий тұздығын буландыру арқылы жүзеге асырылатын литий өндірісінің технологиясында бір тонна металл алу үшін 2000 тонна су кетеді. Бұдан бөлек, оны қатты жер қыртысынан өндіру өз кезегінде аса улы заттарды қолдану жолымен жүзеге асырылады. Ал темір өндірісі қарапайым әрі қауіпсіз. Ол ол ма, ұқсас ион мөлшері бойынша алғанда литиге қарағанда темірдің тотығу-қалпына келу әлеуеті әлдеқайда жоғары. Мадрас жоғарғы оқу орнының физика профессоры Рамапрабха Сундара өздері ашқан жаңалықтың осындай артықшылықтары мен тиімділіктерін осылайша алға тартты. Олар жасап шығарған батареяның жаңа прототипі сынақтан өткізілгенде қайта қуаттаудың 150 кезеңіне төтеп берген. Бір ғажабы – 50 кезеңінен кейін де оның сыйымдылығы 54%-дан жоғары деңгейде қалған, бұл өте жоғары көрсеткіші болып табылады.

0 пікір
Мұрағат