Инсулин істеп шығаратын электрлі-жасушалы имплант жасалды
Инсулин істеп шығаратын электрлі-жасушалы имплант жасалды
4 жыл бұрын 2926 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның жоғарғы техникалық мектеп ғалымдары инсулин істеп шығаратын, адам терісінің астына жасыруға болатын, қашықтан басқарылатын микроқұрал құрастырды.  Имплант екі негізгі бөлкітен - адамның модификацияланған бета-жасушасын қамтитын электрлі плато мен камерадан тұрады. Бұл бөліктер кабелмен жалғанған – ол арқылы жасушаға электр сигналы беріледі: кальцилік және калилік каналдар іске қосылады, жасуша реакциясы белсендіріледі әрі инсулин генінің экспрессиясы іске қосылады. Осылайша инсулин секрециясы бірнеше минут ішінде басталады. «Біз бұрыннан электр көмегімен гендік экспрессияға тікелей әсер етуге талпынып келеміз және мұнымыз іске асты»,- деп мәлімдеді осы зерттеуге жетекшілік еткен профессор Мартин Фуссенэггер. Аталмыш имплантты, мәселен, смартфонның көмегімен қашықтан басқаруға болады. Бұл бағытта тышқанға жүргізілген тәжірибе ойдағыдай сәтті аяқталды. Сусамырмен ауыратын науқас қан құрамындағы қант деңгейі көтерілетін болса, оның көмегіне жүгіне алады, яғни, аталған микроқұралды автоматты режимге қойып, қанындағы қант деңгейін басқара алады. Бұдан бөлек, науқастың хал-жайын дәрігер де алыстан отырып бақылай алады. Цифрлы жүйеге кіріктірілген микроқұралдың интернет-дененің немесе интернет-заттың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ал пациентке өштігі бар қаскүнемдердің харкерлік шабуылы басты қатер емес – мәселен, кардиостимулятор да теориялық тұрғыдан санкцияланбаған әсерге ұшырай алады. Алайда, одан жақсы қорғалған. Осындай қорғанышты осы имплант үшін де жасауды көздеп отыр. Бұл арада ғалымдар қауіпті басқа тараптан көріп отыр: электрлі сигналды барынша дәл реттеу қажет, өйткені, ол жасушалар мен генге зақым келтіруі мүмкін. Ол қосымша зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Бұдан бөлек, олар импланттағы жасушаны алмастыратын басқа нәрсе ойлап табуға тура келеді, өйткені, импланттағы жасуша әр үш апта сайын жаңартылып отыруы керек.

Создан электронно-клеточный имплант, производящий инсулин

0 пікір
Мұрағат