Иммунитет арқылы зиянды жасушалармен күресудің тәсілі табылды
Иммунитет арқылы зиянды жасушалармен күресудің тәсілі табылды
4 жыл бұрын 2974 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біздің организімізде қандай да бір вирус немесе бактерия, т.б. түссе, иммундық жауапты бәсеңдететін жасушалар кездеседі. Осыдан барып, ауру өршіп кетеді. Оларды бұғаттаса, ауруды басталмай жатып емдеуге, соның ішінде қатерлі ісікпен тиімді күресуге мүмкіндік бермек. Иммундық жүйені бұғаттан босататын дәрі қатерлі ісікке шалдыққан мыңдаған науқасқа көп көмегін тигізген болатын. Соның өзінде мұндай әдіс кей обыр түрлерінде оңды нәтиже бере бермейді. Өйткені, организмнің қорғану жүйесі бірнеше тәсілге «тәуелді» болып келеді. Бұғаттаушылар иммундық жүйенің «оянбау қалуына» әсерін тигізетін бірнеше себепке бағытталады. Мәселен, ақуыздың өзара әрекетіне бағытталады – бұл өз кезегінде Т-жасушаны түкке пайдасы жоқ жасушаға айналдырады, қатерлі ісік еш кедергісіз дами беретін болады. Десе де иммунитетті тежейтін басқа да аспектілер бар: миелоидтық супрессор жасушалары (MDSC). Обыры бар науқастардың бойында аталмыш жасушалар шектен тыс көп кездеседі. Бұл бағытта тышқанға арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар MDSC-ті бұғаттай алатын дәрі-дәрмек берілсе, иммунитет күшеюі мүмкін деген гипотезаны басшылыққа алған еді. MDSC – нейтрофилдер (лейкоциттердің ең көп түрлілігі) мен макрофагтар (жануарлар, соның ішінде адам организіміндегі жасушалар – бактерияларды әрі өлген жасушалардың қалдығын, сондай-ақ, организмге бөгде немесе улы бөлшектерді ұстап, қорытатын жасушалар) кіретін топқа жататын «піспеген» жасушалар. «Оларды тағайындасақ, асқынуды тежейді»,- деп мәлімдеді Огайо штатына қарасты Колумбустағы университет онкологы әрі хирург Уильям Карсон. Дәрігердің топшылауынша, жоғарыда аталған жасушаларды «ажыратса» иммундық жүйе қатерлі ісікке тез жауап қататын болады. Қатерлі ісік жасушаларында Brd4 ақуызы түрлі гендердің, соның ішінде MDSC-тің дамуына ықпал ететін геннің де белсенділігін реттейді. Brd4 ақуызын тежейтін дәрі бұғаттаушыға толық еркіндік бермек. Бұл гипотезаны тексеріп көру үшін Карсон зертханасының ғалымы Эндрю Стифф сүт безін қатерлі ісік шалған тышқанға тәжірибе жүргізіп көреді. Жаңа дәріні қабылдаған тышқанның қан құрамындағы әне қатерлі ісіктегі MDSC жасушаларының деңгейі төмендеген болатын. Аталмыш тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, Brd4 ингибаторы MDSC-ке бірнеше тәсілмен әсер ете алады: MDSC жасушалары басылып қалады немесе жойылады. Қысқасы, Brd4 ингибаторы иммундық жүйенің жұмысын тежейтін иммундық супрессорлық жасушалардан құтылуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат