Йемендік ғалым ұрықты жасанды жолмен өсірудің медициналық перзентхана тұжырымдамасын әзірледі (видео)
Йемендік ғалым ұрықты жасанды жолмен өсірудің медициналық перзентхана тұжырымдамасын әзірледі (видео)
2 жыл бұрын 2408 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Һашым әл-Ғайыл есімді йемендік молекулалық биотехнолог әйел жатырының жасанды көшірмесі - жүздеген мөлдір жасанды құрсақтан тұратын адам фермасының тұжырымдамалық бейнесін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, EctoLife медициналық компаниясы ұрықтың жасанды жолмен өсуіне арналған қондырғының тұжырымдамасын ұсынды. Аталған компания YouTube-те бала тәрбиелеу мекемесінің прототипін көрсететін бейнені жариялады. Жасанды құрсақта жылына 30 000-ға дейін сәбиді өсіре алатын перзентхана әлемдегі туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты демографиялық мәселені шешуге арналған. EctoLife жасанды жатыр кешенінде жүздеген шақалақ оттегі мен қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін кіндік бауы бар мөлдір, температураны басқаратын капсулаларда жетілдіріледі. Айта кету керек, бірегей жоба қазіргі уақытта әзірлену үстінде. Йемендік ғалымның айтуынша, мұндай технология жатырын алып тастаған әйелдердің немесе бедеуліктен зардап шегетін әйелдердің перзент сүюіне, ана атануына әрі халық санының азаюыме күресуге мүмкіндік береді. Бұл процесте ата-аналарға ең өміршең және генетикалық жағынан сапалы ұрықты таңдауға мүмкіндік беретін in vitro ұрықтандыру жүйесі қолданылатын болады. Сондай-ақ, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу үшін ұрықтың генетикасы өзгертілуі мүмкін. Жасанды құрсақ баланың жүрек соғу жиілігін, температураны бақылайтын және оттегімен қанықтыруды қамтитын сенсорлармен жабдықталған. Бұдан бөлек, капсулалар жасанды зерде камерасымен жабдықталған, ол шарананың ықтимал генетикалық ауытқуларға ұрынбауын ұдайы қадағалап, сканерлеуден өткізеді және жалпы өсу процесін бақылайды. Ата-аналар капсуладағы сәбиінің тікелей бейнежазбасын ойнататын, сонымен қатар, өмірлік маңызды белгілерді көрсететін қолданбамен қамтамасыз етілген. Бұған қоса, болашақ ата-ананың жасанды құрсақта ойнатылатын хабарламаларды жазып алып, баласы үшін музыка тізімдерін жасай алатыны айтылған. «Босану» кезінде ата-аналар капсуладағы түймені басуы керек. Амниотикалық сұйықтық іштен ағып, жасанды жатыр ашылады, осылайша ата-ана перзентін қолына алатын болады. 2020 жылы бір әйелдің орташа есеппен екі жарым баласы болса, 50 жыл бұрын бұл көрсеткіш бір әйелге шаққанда бес баладан келген еді. Туу коэффициентінің төмендеуін демографтар негізгі табиғи масаты мен міндеті бала табуы тиіс әйелдердің білім алу, мансап қуу мүмкіндігінің жоғарлауымен байланыстырып түсіндіреді.

0 пікір
Мұрағат